astana-view

Асқар Әбубәкіров: «Бизнесмендер бізге сенеді!»

2016 жылғы 13 Маусым
- Шымкент қаласы
11886 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлері палатасының директоры кәсіпкерлердің сенімі ӨКП қызметінің басты жетістігі деп санайды 

Брифингте сөз сөйлеген ӨКП басшысы 2014-2016 жылдар ішінде Палата қызметі басталғалы бері кәсіпкерлік субъектілерінен 1000-ға жуық ресми  өтініштер түсті деп хабарлады, олардың 70%-ы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, бұл  бизнесмендерге 1,5 млрд теңге үнемдеуге көмектесті.

Асқар Әбубәкіровтің түсіндіруінше, егер олар Палатаға  шағымданбағанда, мұндай соманы негізсіз салық, айыптар мен айыппұлдар ретінде төлеуге тура келуші еді. Мұның орнына ақша бизнесті дамытуға, еңбекақы төлеуге, т.б. жұмсалды. 

«Құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау Палата заңгерлерінің  кәсіпкерлерді  тікелей қолдауы арқылы да, прокуратура органдарымен тығыз өзара іс-қимылмен де жүзеге асады. Бизнес құқықтарын бұзушылық фактілерінің алдын алу және бизнеске тиімді көмек көрсету үшін ӨКП екі жобаны іске қосты. Бұл – мемлекеттік органдар және табиғи монополия субъектілері арасындағы топтар мен «Бизнеске жедел көмек» жобасы. Бұл екі жоба да ең алдымен кәсіпкерлердің өтініштерін өте тез қарауға және құзыретті органдар арасындағы қатынас хаттардың ұзақ рәсіміне уақыт жұмсамастан оларға тиімді көмек көрсетуге бағытталған», – дейді Палата директоры .

Бизнесті қолдаудың ықпалды механизмдерінің бірі деп ол ӨКП жанында құрылған ОҚО Кәсіпкерлері құқықтарын қорғау кеңесін атады. Кеңестің 14 мәжілісі өтті, онда 43 жүйелік мәселе қаралды. Олардың 26 кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, 12 қаралу үстінде.  

Әкімшілік кедергілерді азайту мақсатымен ӨКП бизнестің әртүрлі салаларын реттейтін, қолданыстағы заңдар мен ережелерге түзетулер енгізу жөніндегі орталық мемлекеттік органдарға жолданған 140 ұсыныстың ұйтқысы болды. Палата сараптаушылары жүргізген талдаудың көрсетуінше, бизнеске негізгі бөгеттер  жер пайдалану және бизнес-нысанын салуға құқықтар алу кезінде туындайды. ОҚО прокуратасы бүгінгі таңда облыстағы 14 ауданды тексеруді аяқтады, мұнда жер пайдалану және құрылыс саласында құқықтар алу кезінде  кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған 3 мыңнан астам факті анықталды. Тексерулер және мониторинг қорытындылары бойынша барлық бұзушылықтардың жиынтығы жиналды, ҚР ҰКП және мемлекеттік ұйымдарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жайлы нақты ұсыныстар берілді. 

Кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету жұмыс қорытындылары көрсеткендей, 2014 жылдан бері облыстың барлық 14 ауданында ӨКП филиалдары жұмыс істейді, сондай-ақ 2015 жылдың басынан бері ӨКП-ға КҚО (кәсіпкерлікті қолдау орталықтары) міндетті іс-қызмет аясы берілді, бұрын мұны ОҚО бойынша «Даму» КҚҚ» АҚ атқарған болатын. 2015-2016 жылдары 8577 адамға 22 510 кеңес берілді. Жобаларды қолдау нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер және микронесиелік ұйымдар арқылы 5,8 млрд теңге сомасына 1043 жоба қаржыландырылды.

«Жалпы өткен екі жыл ішінде Палата кәсіпкерлерге олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті қолдау көрсететін ықпалды механизмдерді қалыптастыруға қол жеткізді». Ең бастысы – бизнесмендер бізге сенді. Олар түйткіл мәселелер туындаса, қайда шағымдануға болатынын біледі, Палата оларды әрдайым тыңдайды және жәрдемдеседі. ӨКП өңір кәсіпкерлерінің оларды толғандыратын мәселелерді көтереді және шешеді деген сеніммен келетін орнына айналды»,– деп түйіндеді ойын Асқар Әбубәкіров.


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнес үшін оңтайлы орта құру қажет
14 Маусым
2016
Шығыс Қазақстан облысы
Бизнеске тың серпін қажет
14 Маусым
2016
Маңғыстау облысы
Бүгінгі студент – ертеңгі шебер
13 Маусым
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер