astana-view

Үздік кәсіпорындар өз өнімін ұсынады

2016 жылғы 04 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
8492 просмотров

Ертең Өскемен қаласында «Қазақстанның үздік тауары-2016» өңірлік көрме-байқауы өтеді

Жыл сайын ұйымдастырылатын «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысу үшін, шығысқазақстандық 60-тан астам тауар өндіруші өз өнімдерін алып келмек.

Көрмеге азық-түлік өнімдері, тоқыма, жиһаз, медициналық жабдықтар, құрылыс материалдары және т.б. қойылады.

Жіберілген байқау құжаттары сараптама комиссиясының бағалауынан өтіп, тиісті бағасын алғаннан кейін, іріктеу конкурсында үш аталым бойынша үш үміткер анықталатын болады. Олар – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары».

Сонымен, 2016 жылдың 5 тамызында сағат 10.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының ғимаратында (Сәтпаев к-сі, 55) «Қазақстанның үздік тауары-2016» көрме-байқауы өтеді.

Шығыс Қазақстан облысының алдыңғы қатарлы кәсіпорындары өз өнімдерінің жоғары сапалы, қауіпсіз және бәсекеге қабілетті екенін жыл сайын дәлелдеп жүргенін айта кеткен жөн.

2015 жылы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «СТНС-88» ЖШС, «Kazfoam» ЖШС, «Бриссоль» ЖШС алдыңға қатарлардан көрінді. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Багратион-Улан» ЖШС, «SUN-BEE ALTAI» ЖШС, «Шығыс Ажар Торг» ЖШС марапатталды. Ал «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша «Роза» ЖШС, «УК Юнис» ЖШС, «Тунгаторова А.К.» ЖК жеңімпаз атанған еді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер