astana-view

Асыл тұқымды малға күтім қажет

2016 жылғы 06 Қыркүйек
- Қостанай облысы
13414 просмотров

Қарабалық ауданында фермерлерге арналған тегін семинар өтті

Бірқатар жағдайларды жасамастан, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Оларға қаржылай салым, уақыт және білім көкжиегін жүйелі түрде кеңейтіп отыру жатады. Қаражат жағынан мемлекет арнайы бағдарламалар арқылы мақсатты қолдау көрсетіп отырғанымен, асыл тұқымды ірі қараның күтіміне қатысты машықтарды әркімнің өз бетінше жетілдіруіне тура келеді. Өкінішке қарай, шаруалар жиі жаңылысып жатады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығы ұйымдастырған тегін семинарға қатысқан Қарабалық ауданының мал өсірушілері семинардан құнды ой түйіп қайтты. Семинар тақырыбы ірі қара мал тұқымын асылдандыруға арналды. Қостанайлық мал өсірушілерді енжар деуге де болмайды,  мұнда селекция жұмысы жолға қойылған. Абердин-ангустар мен герефордтар ірі шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарда бұрыннан өсіріледі. Тұқымды сатып алып, жетілдіру өзінше бір мәселе болса, шетелдік бұқаларды қажетті күтімге алу – тағы бір мәселе.

Дәріскер Жанғабыл Ақынбаевтың айтуынша, басты шарттардың бірі – дұрыс азықтандыру екен. Көбінесе малшылар бір қарағанда қарапайым көрінетін мәселеге кез болып жатады. «Мал әлсірейді де, ел бұған не болды деп сұрап жатады. Шетелде азықтық база өте күшті дамыған. Ол жақта ірі қара малдың рационындағы микроэлементтер мен минералдар малдардың өнімділігі мен өндіргіш функциясына қажетті деңгейде қарастырылған. Қазақстанға әкеледі, ал бұл жақта азықтандыру жағдайы мүлде басқа. Жақсы азық болмағандықтан, сапа да, салмақ өсімі де жоқ. Бірінші күннен бастап оларды арнайы қоспалармен қамтамасыз ету қажет. Олар қымбат тұрады, алайда онсыз болмайды», – дейді Жанғабыл Ақынбаев.

«Шетелден тікелей әкелген кезде бұқалармен бірге климаттық жағдай өзгерген кезде пайда болатын ерекше аурулар да келеді. Тек білікті маман ғана оларды дер кезінде анықтап, жоя алады, сондықтан сауатты ветеринарлық дәрігерден ақша үнемдеуге болмайды. Сатып алу барысында егулер туралы құжат сұрау керек», – деп сөзін жалғады дәріскер.

Будандастырудан кейін төлдің неліктен ауыратындығы тағы бір тақырыпқа жүк. Семинарға қатысушылар дәріс беруші Мария Әбішеваға осы мазмұндас сұрақтарды жаудырды. Олар жаңа туылған төлдерді дұрыс күту жағын, қай уақытта ектіру қажеттігін, асыл тұқымды малдарды сатып алғанда нені білу керектігін сұрастырып жатты.

«Телязиозға жиі шағымданып келеді. Ол көз ауруы, бұл ауру қазақтың ақбас тұқымына тән. Ауруға себеп болатыны, көзді дер кезінде немесе дұрыс емдемеу. Семинарларда мен емдеу туралы нақты мысалдарды айтуға тырысамын. Егу және азықтандыру бойынша түрлі кестелерді ала келемін. Ауыл тұрғындарында жалпы білім бар, алайда жекелеген мәселелер бойынша кейде кеңес беретін адам табылмай қалады. Сондықтан әрдайым байланыста болу үшін мен әрқайсысына өзімнің және ҰКП-ның байланыс нөмірлерін қалдырып кетемін», – дейді Мария Әбішева.

Қатысушылар асыл тұқымды малдарды дұрыс азықтандыру мен егу туралы «Север Агро» ЖШС-ның базасында өткен тәжірибелік семинарда білді. Бұл – өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі, онда абердин-ангус тұқымдас өндіруші бұқалар өсіріледі. Асыл тұқымды малды үздік генетикалық көрсеткіштеріне бола 2011 жылы Австралиядан алып келген. Бүгінде төртінші төл алынды. Бұқаларды тұқымды өзгертумен қоса, соғым үшін де өсіреді. Тағам талғағыштар жас ангустың етін жоғары бағалайды.

«Биыл біз бірінші рет төлдейтін малдарды 2,5-нан 4 мыңға дейін арттыру үшін төлді өзімізге алып қалмақпыз. Қазір төлдейтін орынның құрылысын жүргізудеміз. Жалпы алғанда, малдарды табиғи, ашық аспан астындағы экологиялық ортамен қамтамасыз етуге тырысамыз. Австралиялық технологияларды біз жақтың климатына барынша бейімдедік», – дейді «Север Агро Н» ЖШС-ның атқарушы директоры Нұрболат Құтқожаев.

Заманауи технологияларды мұнда қадам басқан сайын кездестіресің. «Север Агро Н» ЖШС-ның жайылымдарындағы малдарға «электр бақташы» қарайды. Малды суару үшін күннен қуат алатын электрлік панельдер қолданылады. Олар сорғыштарға арналған энергия өндіреді. Ал сорғыштар суды автоматты түрде сорып, оны науаларға қотарып құяды. Егу мен қан алу жұмыстары арнайы «бөліктерде» жүргізіледі. Онда малдар әткеншектегідей керекті жерлерін тосып айнала жүреді. Асыл тұқымды малдарды сату бойынша жыл сайын осы кәсіпорында аукциондар ұйымдастырылуы тегін емес, мұнда барлық облыстар мен Ресейдің шекараға жақын жатқан өңірлерінен сатып алушылар келеді.

Семинар аяқталар тұста palata.kz мынандай сұрақ қойды: мұндай білімнің қарапайым ауыл тұрғындары үшін пайдасы бар ма? Жауабы айқын – әрине! Бұл семинарлар әдетте тегін өткізілмейді. Мал шаруашылығында кішкентай қателіктің өзі көп жылғы еңбекті жоқ қылуы мүмкін. Егер үйренген машықтар сондай қателіктердің алдын алуға көмектессе, нұр үстіне нұр болар еді.


Ұқсас жаңалықтар:

Семинарлар сан саланы қамтыды
3 Қараша
2016
Ақмола облысы
Тегін семинардың пайдасы мол
6 Қыркүйек
2016
Батыс Қазақстан облысы
«Қарбыз еліне» саяхат
5 Қыркүйек
2016
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер