astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Арайстроймаркет-2003» ЖШС

2016 жылғы 17 Қазан
- Жамбыл облысы
6046 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме байқауының «Үздік өндірістік тауарлар» аталымы бойынша бірінші дәрежелі дипломант

«Арайстроймаркет-2003» ЖШС 2003 жылы құрылған.

Компания ғимараттар тұрғызумен, газ құбырларын жүргізумен, ұңғымалар,  гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын салумен, құрылыс материалдарын, алюминий және биметалл радиаторларын өндірумен айналысады.

«Арайстроймаркет-2003» ЖШС жоғары сапалы құрылыс өнімдерін өндіретін жаңа заманауи техникалармен жабдықталған.

Сонымен қатар, қызметін әртараптандыру үшін, Индустрияландыру картасы аясында компания жылына қуаты 250 000 секция алюминий радиаторларын шығаратын инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

Бұл жобаның әзірге Қазақстанда баламасы жоқ. Сол үшін де осы салада шетелдік өндірушілермен бәсекелесе алады.

Кәсіпорынның құрылыс материалдарын және темірбетон құрылымдарын сынақтан өткізетін зертханасы бар.

«Арайстроймаркет-2003» ЖШС 2014 жылы «Құрылыс саласының көшбасшысы» сертификатын алған. Ал басшысы «Құрылыс саласындағы еңбегі үшін» орденіне лайықты деп танылған. Және де «Төтенше жағдайлар жүйесiн дамытуға қосқан үлесi үшiн» төсбелгісімен марапатталған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, қоғамдық қызметі үшін және төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін табыс еткен.

Мінсіз іскерлік беделі үшін Халықаралық іскерлер кеңесімен бірлесе отырып, Женева бизнес институты және INSAM басқармасы 2010 жылы «Арайстроймаркет-2003» ЖШС директорына «Алтын медаль» табыстаған.

ЖШС шығарып отырған өнімдер сертификатталған. Олар нарықта үлкен сұранысқа ие. Өнімді өткізу көлемі көбейіп келеді, бағасы да қолжетімді. Жергілікті қамту үлесі 100%.

Кәсіпорын ҚР СТ ИСО 9001-2009, 140001-2006 талаптарына сай сертификатталған. Компанияда 110 адам еңбек етеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер