astana-view

«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Заң» ЖШС

2016 жылғы 25 Қазан
4868 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымының бірінші дәрежелі дипломанты 

«Заң» ЖШС іргетасы 1997 жылы қаланған. Кәсіпорын жылқы өсірумен шұғылданып келеді. 2001 жылдан бастап ҚР Ауыр шаруашылығы министрлігінде асыл тұқымды шаруа қожалығы болып тіркелген. 2004 жылдан бастап қожалық қымыз шығарумен айналысуды қолға алған. Осы жылы шаруашылық сүтті биелердің жаңа түрлерін шығару үшін, сұрыптау жұмыстарына ден қойған. Сұрыптау жұмыстары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Зерттеудің наноинженерлік әдістері» ғылыми зертханасымен, «Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу орталығы» РМКК  ҚР ДСМ СЭТ МК тамақтану гигиенасы зертханасымен бірге жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, сүтті жылқылардың жаңа түрлерін анықтау жұмыстарына ҚР Мал шаруашылығы және азық-жем өндірісі ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе кіріскен.

«Заң» ЖШС жұмыс процесі стандартталған және технологиялық нұсқамаға сай жүзеге асырылады. Биелерді сауу шетелден әкелінген электр аппараты арқылы іске асырылады. Бұл аппарат биені бар-жоғы бір минут қана сауады.

Қымызға ғылыми зерттеу жүргізу нәтижесінде, дайын өнімді сақтау мерзімі 72 сағаттан 60 тәулікке дейін ұзарды.

Ғылыми жұмыстардың қорытындылары Болгарияның София қаласы мен Чехияның Прага қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинақтарына енгізілген. 

Қолға алынған жұмыстар нәтижесінде, кәсіпорын ҚР «Қымызды дайындау әдісі» инновациялық патентін, «Хан қымызы» тауар белгісін және тауар белгісіне авторлық құқық алған. Қымызды өндіруге арналған СТ 3006-1919-ТОО-49-01-2013 кәсіпорын стандарты жасалған. Ғылыми-техникалық және ғылыми субъект ретінде аккредиттеу туралы куәлікке, «Қымызмұрындықты» өткізуге авторлық құқық беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қол жеткізілген.

2015 жылы «Заң» ЖШС-ға шаруашылықтағы субъектілерді экономикалық саралау бойынша «Аграрлық сектор көшбасшысы-2015» атағы берілген.

2016 жылдың тамыз айында Қырғызстан Республикасындағы халықаралық байқауда қымыз аталымы бойынша 1-орын алған. 2016 жылдың 24-27 шілдесі аралығында Саха Республикасында (Якутия) өткен халықаралық қымыз өндірушілер көрмесінде де бірінші орын иеленіп, ақшалай сыйлықпен марапатталған.

«Заң» ЖШС салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық дәстүр, қымызды насихаттауға бағытталған әлеуметтік шараларға да белсенді түрде қатысады.  Осылайша, 2013 жылы ҚР алғаш рет «Заң» ЖШС М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-мен бірге халықаралық «Қымыз»  форумын өткізген. Бүгінде шара жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

2015 жылдың 30 мамырында Тараз қаласы «Заң» ЖШС базасында алғаш рет бүкіләлемдік «Қымызмұрындық» мерекесі ұйымдастырылды.

Кәсіпорын Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге кәсіпкерлерге арнап, жылқы шаруашылығы және қымыз шығару мәселелеріне арналған семинарлар өткізуде.

Кәсіпорын СТ РК ИСО 22000-2006 талаптарына сай сертификатталған.

Жұмысшылар саны – 11 адам.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер