«Қазақстанның үздік тауарын» таңдайық: «Ертіс бройлер құс фабрикасы»
«Үздік азық-түлік өнімдері» аталымында бақ сынайды
«Ертіс бройлер құс фабрикасы» ЖШС 2001 жылы Семей қаласында құрылған, инкубацияға, бройлерлер өсіруге және құс еті нарығындағы жоғары сапалы, экологиялық таза және бәсекеге қабілетті өнімдер – бройлер-құстардың етін өндіруге маманданған. «Ертіс бройлер құс фабрикасы» ЖШС Семей және Қазақстанның басқа да өңірлерін құс етімен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорында өндірісті жаңғырту жүргізілді, бұл өндіріс қуаттылығын арттырып, технологияны түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді, құс өсіретін ескі орындар осы заманғы құрылғымен алмастырылған.
Өндірістік қуаттылығы жылына 10 млн жұмыртқаға тең жаңа инкубатор іске қосылды, өндірістік қуаттылығы сағатына 4500 басқа тең құс соятын зауыт жаңғыртылып, «VDL AGROTECH», «Pas Reform», «Меуп Systemate Numafa» сияқты алдыңғы қатарлы әлемдік фирмалардың заманауи жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңда бройлер өсіру Қазақстан Республикасында жақсы дамыған, сондай-ақ ТМД елдері құс фабрикаларының арасында да жоғары көрсеткіштер көрсетіп келеді. 42 күннің ішінде балапанның салмағы 2,350 келіге жетеді, тәуліктік орташа салмақ өсімі 55 грамм, сақталуы 98%.
Әлемдік стандарттарға сай келетін сапалы өнімдер 2006 жылдың сәуір айында халықаралық «Food Expo Kazakhstan» көрмесінде лайықты бағасын алды және кәсіпорын үш алтын медальмен және дипломдармен марапатталды. 2008 жылдың маусым айында қазақсандық «Inter Food Astana» халықаралық көрмесінде де «Ертіс бройлер құс фабрикасы» ЖШС өнімдері жоғары бағаға ие болып, алтын медаль мен барлық аталымдар бойынша дипломдар алды. 2009 жылдың маусым айында «Inter Food Astana» 9-кәсіби азық-түлік өнімдерінің дегустациясы көрмесінде кәсіпорын алтын медальдарға және дипломдарға ие болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: