astana-view

Римма Салықова: «Міндеттердің тиімді жүзеге асуы бизнес пен биліктің қарым-қатынасына байланысты»

2017 жылғы 01 Ақпан
4743 просмотров

Алға қойылған өр мақсаттарды біз жергілікті атқарушы органдармен және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жүзеге асыра аламыз дейді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова

Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрайымы, «Алматы бояулары» ЖШС бақылау кеңесінің басшысы Римма Салықова Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді.

«Мемлекет басшысының Қазақстанның халқына жолдаған әр Жолдауы дамудың алдағы стратегияларын анықтап, жаңа идеялар мен ұсыныстарға толы болды. Бұл үндеудегі бес басым бағыттың барлығы бизнеспен тығыз байланысты. Бұған қуанып отырмыз.  Қазақстанның үшінші жаңғыруы – Президенттің кәсіпкерлікті қолдауға арналған тағы бір жаһандық бағдарламасы. Біз бизнес-қоғамдастық өкілдері ретінде бұл құжатты жан-жақты зерттеп, талқылауды бастап кеттік. Сондай-ақ, оны тиімді жүзеге асыру үшін ұсыныстар әзірлеп жатырмыз. Мәселен, біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыз бен әлеуметтік бағдарламаларымызға түзету жасап жатырмыз. Бұл тұста басым бағыт ретінде өндіріс процесіне инновациялық технологияларды  енгізбекпіз», – дейді Римма Салықова. 

Оның айтуынша, енді кәсіпкерлер бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, сандық технологиялар енгізу, микронесиелеу, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, әкімшілік кедергілерді азайту, агроөнеркәсіптік кешенді жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жасауы қажет.

«Алға қойылған өр мақсаттарды біз жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жүзеге асыра аламыз. Өңірдегі бизнес-климаттың жағдайы осы органдардың жұмысына тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, міндеттердің тиімді жүзеге асуы бизнес пен биліктің өзара қатынасына байланысты. Мемлекеттік орган, бизнеске көмек көрсете отырып, экономиканың тұрақты дамуын қолдайды. Шағын және орта бизнес – біздің экономиканың негізі. Сондықтан, жұмыла атқарған жұмыс Қазақстанның 30 анағұрлым дамыған мемлекеттер қатарынан көрінуіне ықпал ететін басты факторлардың біріне айналуы тиіс», – деді Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер