astana-view

«Bastau Бизнес» жобасы Ақмола облысында

2017 жылғы 13 Сәуір
- Ақмола облысы

Кәсіпкерлікке оқытатын жобаға сұраныс үлкен

Ақмола облысы бойынша кәсіпкерлікке тегін оқытатын курстарға 300-ден астам адам қатысуда.

Арқадағы жоба «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017-2021 жылдарға арналған бағдараламысы аясында, ӨКП ұйымдастыруымен іске асып жатыр.  Айта кетелік, 1 сәуірден бастап Атбасар, Бұланды, Зеренді, Ерейментау, Шортанды аудандарында жоба бойынша оқу науқаны басталған болатын.

«Белгіленген жоспар бойынша 2017 жылы өңірімізде 1000 адам оқудан өту керек. Жоба тыңдаушыларының кем дегенде 20% кәсіпкерлікты қолға алуы көзделген, демек, бұл сан 200 адамға тең. Жалпы жоба 80 сағат семинар, 120 сағат жеке кеңес беруден тұрады», – деді ӨКП директорының орынбасры Фатима Герфанова.

Оқытудың жоспары ауылда кәсіпкерлікті жүргізгісі келетін, ауыл тұрғындарының сұранысына сай құрылған. Кәсіпкерлік негіздері бизнесті жүргізу, өңір ерекшелігіне негізделген бизнес-жобалар туралы ақпарат беру, ақпараттық-әдістемелік құралдар, қаржыландыруды алуға қажет құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері, стартаптарды жүзеге асырудағы шетелдік тәжірибе бойынша мағлұмат беріледі.  

«Bastau Бизнес» жобасы кәсіпкерлікке ынтасы бар адамдарды іріктеуден басталды. Бүгінде тестілеуден өткен 409 адамның ішінен біреуі ғана 100 балдан шекті 55 балды жинау алмаған.

ӨКП Шортанды аудандық филиалы директоры Темербек Алғазинның айтуынша жергілікті өалық бұл жобаға жоғары қызығушылық танытып отыр.

«Бірінші күні тестілеуге 50 адам қатысты. Олардың көбі – ер азаматтар. Бизнес-идеясы бар әйелдер де бар. Тестілеу ашық әрі әділ өтуді мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған комиссия бақылады», – деді директор.

ӨКП Ерейментау аудандық филиалында да жобаға деген қызығушылық үлкен. «Екі ай бойы жобаға қатысуға өтінімдерді қабылдадық. Бүгінде 150 адам өтінім беріп, оның 140 тестілеуден сәтті өтті. Оқу талаптарына сәйкес бір топта 70 адамнан аспау керек. Бірінші топ 10 сәуірден бастап оқуға кірісіп кетті. Екінші топ 20 мамырдан оқуды бастайды», –деді ӨКП Ерейментау аудандық филиалы директоры Серікпай Көшкінбаев.

 Айта кетелік, облыстың басқа 13 аймағында «Бизнес Кеңесші» бағдарламасы бойынша оқыту жүргізіліп жатыр. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша шамамен 300 адам білім алған.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер