astana-view

«Bastau Бизнес»: қызылордалықтар бизнес-жобаларын қорғады

2017 жылғы 11 Мамыр
- Қызылорда облысы

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Bastau Бизнес» жобасына қатысушылар бизнес-жоспарларын қорғауды бастады

«Қызылордалықтар бизнес-жобаларық республика көлемінде қорғауда алғашқылардың қатарында», – дейді Палатаның сарапшысы Жанат Матерзаева.

«Bastau Бизнес» жобасының алғашқы бітірушілері бір ай бойы алған білімдерінің нәтижесін көрсететін сәт жетті. 10 мамырдан бастап облысқа қарасты Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарының жобаға қатысқан азаматтары Қызылорда қаласында бизнес-жоспарларын қаржы институттары мен мемлекеттік орган өкілдерінен құрылған облыстық комиссияның алдында қорғауда.

Айта кету керек, пилоттық негізде жүзеге асырылып жатқан жобаның алғашқы кезеңінде тестілеуден 228 адам өткен болатын. Осы азаматтардың 128-і облыстық комиссия алдында жобаларын қорғамақ.

«128 азамат «Bastau Бизнес» жобасының барлық кезеңінен өткен азаматтар. Бұл азаматтардың алдында үлкен мүмкіндік тұр: облыстық комиссия алдында жобаларын сәтті қорғай алған азаматтарға арнайы сертификаттар тапсырылып, қаржы институттары қаржыландыру шараларын жүргізу барысында бірінші кезекте басымдықты осы жобаларға бермек», - дейді Кәсіпкерлер палатасының маманы Жанат Матерзаева.

Айта кету керек, облыстық комиссия алдына жалпы құны 558 млн.теңгені құрайтын 128 жоба ұсынылып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер