«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы
Қаз

Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері «Атамекенім» жобасын қолдады

01 Қараша 2017 - Ақтөбе облысы
1877 просмотров

Кәсіпкер келіншектер қайырымдылық пен мейірім акциясын өткізді

Қайырымдылық шарасында мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 35 бала қамтылды. Оның ішінде 20 бала мүмкіндігі шектеулі болса, 10 бала әлеуметтік жағдайы төмен отбасының, ал 5 бала – арнайы түзету мектебі мен саңырау балаларға арналған мектептің тәрбиеленушілері. Олардың әрқайсысына жылы киімдер мен қаржылай көмек беріліп, моральдық қолдау көрсетілді.

«Бұл акцияны қоғамда орын алған жағдайға бей-жай қарай алмайтын жандар ұйымдастырып отыр. Бүгін бір отбасының анасы, әжесі «Ақбөбек» білім беру орталығына келіп, мұқтаж балаларға арнап қолғап, шұлық тоқуды қолға алды. Киімге, ақшаға ғана мұқтаж емес, қарапайым көңілдің өзі марқайтады. «Ақбөбек» білім беру орталығы бұл акцияны үнемі өткізеді. Биыл «Атамекенім» акциясының аясында өткізуді жөн көрдік. Барлық меценаттарды игі іске атсалысуға шақырамыз. Мейірім мен жылулықты таратайық, үлгі көрсетейік», - деп атап өтті Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Ақбөбек» білім беру орталығының директоры Гүлбаршын Айдарханова.

Акция аясында тоқылған жылы киімдерді жинауға «Ақбөбек» компаниясының қызметкерлері де, білім алушылардың ата-аналары да, тіпті мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиеленушілері де үлес қосты. Ация өткізілген күні «Ақбөбек» білім беру орталығының балалары ән айтып, би билесе, әжелер мен аналары жылы киімдер тоқып, қайырымдылыққа қол ұшын созды.

Өз кезегінде өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлбаршын Айдарханова, «Жаңа бақыт» ЖШС басшысы Жанар Елеусізова, «Мұғалжар-99» ЖШС басшысы Динара Әлмағамбетова мен «Алмаз» қайырымдылық қорының жетекшісі Динара Еділова өз үлестерін қосып, демеушілік танытты.

Балалардың ата-аналары ең алдымен моральдық қолдау алғандарын ерекше атап өтті. Олар бұл акция ең алдымен көмекке мұқтаж жандардың жалғыз еместіктерін сезіндіретінін жасырмады.

Меценаттар мен акцияға қатысушыларға Ақтөбе облысы Іскер әйелдер кеңесінің атынан алғыс хат берілді.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер