astana-view

Қостанайлық кәсіпкер ауыр науқасқа шалдыққан бүлдіршіннің емдеу шараларына қаржы бөлді

2017 жылғы 20 Қараша
- Қостанай облысы
7164 просмотров

Қайырымды бизнесмен қиындыққа ұшыраған отбасыға қол ұшын созды

Айжан Мырзахмедованың ұлы Әділбек бар болғаны бір жаста. Ол тетрапарез синдромына шалдыққан. Бұл ауру аяқ-қолдың қимылын бұзады, жасуша ұлпасы дұрыс дамытпай, ағзаны зақымдайды. Әділбек Челябинсктегі емханадан емдеу курсынан өтті. Жағдайы аздап болса да жеңілдеді. Бірақ сал ауруына асқыну қаупі әлі де бар. Дегенмен, дәрігерлер осы жастан емдеуді қолға алса, жазылуы мүмкін екендігін айтып отыр.

Қайтадан емдеу курсынан өту үшін қаражаттан қысылған отасы Қостанай өңіріндегі кәсіпкерлерден көмек сұраған. Жағдайды естіген жандар Әділбектің емдік курсына қаржы бөлді.

«Біз массаж, физиотерапия емдерін үнемі алуымыз керек, мұның барлығы да ақылы, қаржысын төлей алмағандықтан жәрдем сұрадық. Халық көмектесіп, қаражат жинады, алайда ол да аздық етті. Сондықтан қаладағы кәсіпкерлер хабар жеткіздік. Василий Розинов есімдік кәсіпкер көмек тесіп, бізге 530 мың теңге бөлді», – дейді Айжан Мырзахмедова.

Бүгінде анасы мен баласы Челябинскіге аттанды. Бүлдіршін курстын алғашқы аптасын аяқтады.

«Қаңтар айының басында тағы бір емдеу курсынан өту керек. Мұны да өз қаражатымызбен өтей алмасымыз анық», – дейді Айжан.

Жас отбасы қайырымды жандардың көмегінен үмітті. Келесі емдеу шараларына да ақша керек. Бұл шараның барлығы да балаларды церебральді салдығынан құтқару мүмкіндігі. Сондықтан Ұлттық палата ұйымдастырған «Атамекенім» акциясының аясында кез келген кәсіпкер Әділбек батырға көмек қолын созып, бақытты балалық шаққа мүмкіндік сыйлай алады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған акция қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер