astana-view

Ұшу жолағына айналған пластик құты

2018 жылғы 17 Сәуір
3487 просмотров

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иелену байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуға өтінім қабылдау қызу жүріп жатыр. Үздік өндірушілерді анықтайтын байқау басталар шақта біз былтыр жеңімпаз атанған «S.M.F. – System» тоқылмаған материалдар фабрикасы» компаниясының директоры Марат Садуақасовпен кездестік.

Қостанайдағы фирма көрме-байқауда «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымының бірінші орын иеленген еді. Бұл нағыз таза өндіріс. Марат Сәдуақасов қалдықты табысқа айналдырып отыр. Екіншіден, компания жас болғанына қарамастан, отандық нарыққа дендеп еніп келеді.

Барлығы да киімге арналған жылытатыннан басталды. Қысқа мерзімде кәсіпкер еліміздің 90% холофайбер және синтепонмен қамтамасыз ете алды. Қытай мен Ресей бәсекесінің арасында бұл өте табысты қадам еді.

Кәсіпкер жылыту бұйымынан табыс тапқан соң геотоқыма мен геотор өндірісін қолға алды. Материалдар автожол құрылысында пайдаланылады. Бұл заманауи материал жол қабатынның негізін нығайтып, шайылып кетуден сақтайды. Осындай маңызды материал пластик бөтелкеден жасалады.

«Атауының өз айтып тұрғандай, бізде материалдар тоқылмайды», – деп түсіндірді Марат Сәдуақасов. – Құрамындағы заттар механикалық жолмен біріктіріледі – талшықтар иленіп, арнайы инелермен байланыстырылады. Нәтижесінде екінші реттік шикізаттан өте берік тоқыма пайда болады».

Геотоқыма мақсатына қарай бірнеше түрге бөінеді. Мысалы үш қабаттысы ұшу қабаттарына арналған. Оның жауапкершілігі өте үлкен, басқа түрлеріне қарағанда анағұрлым мықтырақ.

Геотор негізінен су қоймасының жағалауын бекіту үшін, құрылыс кезінде жер асты арналар жүйесін арматуралауға, топырақты аймақты нығайту үшін пайдаланылады. Тұтынушының қалауына қарай әртүрлі түсте дайындауға болады.

Жыл өткен сайын өндіріс ұлғайып келеді. Жоспарда – құбыр дайындау тұр, ол үшін арнайы жабдық та алынып қойылды.

«Менің еңбегімді республикалық деңгейде байқағандары қуантады. «Қазақстанның үздік тауары» байқауында жеңімпаз атанған соң, тұтынушылармен сөйлесу оңайырақ. Бұл жерде компанияның беделі маңызды. Осындай марапатқа лайық болған кәсіпорынның  сенімді екеніне көз жеткізеді. Биыл тағы да қатысуды жоспарлап отырмын», – дейді Марат Сәдуақасов.

Еске салсақ, 2015 жылдан бастап байқауды «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырып келеді. Биыл байқауға аздаған өзгертулер енгізілді. «Алтын сапа» байқауында ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдері саласына арналған жаңа аталым бар. Енді сыйлық 4 аталым бойынша беріледі: шағын, орта және ірі бизнес субъектісінің санаттарына «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған үздік тауар шығаратын кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарын және/немесе ауыл шаурашылығы өнімін өндіретін үздік кәсіпорын» аталымы табысталады. Мұнымен қоса арнайы «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» екі сыйлық бекітілген.

«Алтын сапа» сыйлығының әрбір лауреаты 1 млн теңге көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар «Қазақстанның үздік тауары» көрме байқауының да ережесінде өзгертулер бар. Жеңімпаздарды дәрежесіне қарай бөлу алынып тасталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер