astana-view

«Қазақстанның үздік тауары» атағын алу – сапа мен сенімнің бағасы

2018 жылғы 04 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
9090 просмотров

«БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС – Орал өңіріндегі тұрақты дамып, жылдан жылға өзінің әлеуетін арттырып, қазақстандық өндірушілер мен жоғары технологиялық газ және мұнай жабдықтары жеткізушілерінің тізімінде жетекші орынды сақтап келе жатқан кәсіпорын.

Компания 12 жыл ішінде өндіріске инновациялар енгізіп, жаңғырту жұмысын жүргізіп келеді. «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС мұнай-газ жабдықтардың жалпыресейлік және халықаралық көрмелерінде, «KIOGE», «WESTKAZINVEST – 2016», «Ұлы дала елі» сынды өңірлік және республикалық деңгейде инвестициялық және өнеркәсіптік бизнес-форумдарда өзін көрсете білген компания.

Кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында жоғары баға алды. Биыл компания өзінің басты өнімі – газ бөлу станциясын таныстырды, оларды «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС өндіреді және орналастырып береді.

 «Облыстың көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша жеңіске жетті. 2006 жылдан бастап кәсіпорын Қазақстан бойынша, оның ішінде шалғай аудандарда  100 нысанды пайдалануға берді. Қазіргі таңда жабдығымыз БҚО, Ақтөбе, ОҚО, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Алматы облыстарында пайдалануға берілді. Қазір республикалық көрме-байқаудың өтуін қобалжумен күтудеміз. «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС үшін «Қазақстанның үздік тауары» атағы сапа мен сенімнің нағыз бағасы болмақ», – деді «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС директорының орынбасары Олжас Букаев.

 Зауыттың танымал әлемдің өндірушілердің жабдығымен қамтылған  өнеркәсіптік орынжайларының ауданы 2 мыңнан астам шаршы метрді құрайды. «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС кез-келген сыйымдылығы бар автоматтандырылған газ тарату станцияларын Республикадағы жалғыз өндіруші болып табылады. Жеткізілетін барлық жабдық үнемі сертификаттау, қауіпсіздік пен экология салаларында мемстандарттарға сәйкестік талаптарын тексеру процедураларынан өтеді.

Компания құрылғаннан бастап саладағы ірі кәсіпорындармен, атам айтқанда «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг B.V.» ЖАҚ және «МГКҚ ҚазҚұрылысСервис» АҚ-пен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Осы қарым-қатынас арқылы зауыт «Қазақстан-Қытай», «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Қарашығанақ-Орал» газ құбыры құрылысына қатысты халықаралық жобаларына қатысты. 2013 жылдан бастап «China Petroleum Engineering & Construction Corporation»  – «China National Petroleum Corporation» компаниясының еншілес компаниясымен сәтті жұмыс істеп келеді.

Халықаралық деңгейде танылған жергілікті өндіруші жеткен жетістікпен тоқтап қалмай, жаңа әзірлемелерді дайындауға қызу кіріскен. Алдағы уақытта – өндірістік қуаттты арттыру мен отандық жабдықты өткізу географиясын кеңейту жұмысы тұр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер