astana-view

Жаңа зауыт құны екі миллиард теңге келісімшартқа қол қойды

2018 жылғы 19 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
4032 просмотров

Жаңа шымкенттік зауыт Мемлекет басшысы қатысуымен өткен телекөпір барысында іске қосылды.

Жергілікті жерде шығарылатын трансформаторлы жабдықты жеткізу бойынша оfftake-келісімшарты «Asia Trafo» ЖШС және «KEGOC» АҚ арасында жасалды.

Кәсіпорынға құны екі миллиард теңге тұратын кепілдендірілген тапсырыс алуға мүмкіндік берген  келісімшарттың бастамашысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы болды.

 Кәсіпорынды қолдау туралы «Самұрық-Қазына» қоры және «Атамекен» ҰКП арасындағы келісім биыл жазда жасалған. Онда «Атамекен» ҰКП ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан отандық компанияларды тауып,  ал  «Самұрық-Қазына» бұл компанияларды тапсырыспен қамтамасыз етеді делінген.

 «Бұл шара бизнестің жаңа өндірістерді құру, жұмыс орындарын ашу бойынша инвестициялық белсенділігін арттыратын болады, осылайша бюджетке түсетін салық түсімдері артады», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ операциялық қызмет бойынша басқарушы директоры Әлишер Пірметов.

Келісімде ғылыми және инженерлік орталықтар құру және ұйымдастыру көзделген. Құжат жаңа құзыреттердің дамуын қамтамасыз етеді және кәсіпорындардың тек ішкі емес, сонымен қатар сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Ұзақ мерзімді offtake-келісімшарттардың ерекшелігі импортты алмастырумен айналысатын кәсіпорындармен өнім шықпай жатып жасалады. Демек, өндірушіге оның өнімі тұтынушы арасында сұранысқа ие болатыны жайында кепілдік береді. Тапсырыс беруші болса өнімді шетелден іздемей, отандық тауарды сатып алу тиімді болады.

 «Бұл біз үшін жақсы старт. Қазір басқа тапсырыс берушілермен келісімдер жасалуда. Өйткені біз Орта Азияда жоғары вольтті, трансформаторлар және айналмаландырушы реакторды шағарушы жалғыз компаниямыз. Оларға деген сұраныс өте жоғары», – деді «Asia Trafo» ЖШС бас директоры Серғазы Күнтуаров.

«Asia Trafo»  зауыты  «Alaqeum Electric» холдингінің еншілес компаниясы. Нысанның құрылысы 2016 жылы «Тассай» индустриялық аймақта басталды.

 Кәсіпорынға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемі 18,9 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын жылына 110-220 кВ кернеумен 12 трансформатор шығаратын болады. Өнімнің 40%-ы ТМД елдеріне және алыс шетелге экспортталады деп күтілуде.

 Бүгінде «Asia Trafo» зауыты – Орта Азияда жоғары вольтті трансформаторларды шығарушы. Зауыт мұнай, газ, су мен мұнай өнімдері нысандарын, сонымен қатар тау-кен қазу, құрылыс, химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бұл жоба отандық электр энергиясы саласында жаңа дамудың нышаны болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер