astana-view

Отандық фабрикалар мектеп түлектерін конструктор және технолог мамандықтарын таңдауға шақырады

2019 жылғы 06 Маусым
8730 просмотров

«Қазақстан Халық банкі» АҚ қолдауымен «ALTYN OIMAQ»  киім дизайнерлері ұлттық байқауының ұйымдастырушылары – «Атамекен» ҚР ҰКП  және «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры»  қоғамдық бірлестігі  отандық компаниялар, жеңіл өнеркәсіптің ірі өкілдерінің қажеттіліктеріне зерттеу жүргізуде.

Отандық тігін фабрикалардың жетекшілері тар шеңберлі мамандықтар тапшылығына алаңдаулы.

 «Mimioriki» брендімен белгілі «Texti Line» компаниясы Қазақстанда ғана емес шетелде де кең танымал. Кәсіпорын белсенді даму үстінде – жыл сайын 500-ден астам жаңа модель, соның ішінде түрлі дизайнерлермен бірлесіп арқылы тігілген өнімдер шығарылады.

 «Жастардың жұмысын жиі қараймыз, түрлі байқауларға қолдау көрсетеміз, кейбір таланттарды өзіміз табамыз. Түрлі форматтар болады, әрқайсысын жеке талқылаймыз. Ал маман тапшылығы шынымен бар. Тігінші, киім пішуші, кестеші сынды техникалық мамандықтардан бастап, дизайнер, конструктор, технолог сияқты шығармашылық мамандықтарға қажеттілік үлкен. Біріншіден, бұл мамандықтар жастар арасында сұраныста жоқ, екіншіден, отандық жоғары оқу орындары шығаратын түлектердің біліктілік деңгейі нарық сұранысына және фабрикалардың технологиялық деңгейіне сәйкес келмейді», – дейді MIMIORIKI балалар киімі брендінің бас директоры Инна Апенко.

 «Семрамида» тігін фабрикасы Қазақстан нарығында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Өткен жыл компания үшін жемісті болды, олар Голландиядан келген мамандармен өнімді жұмыс істеді.

«Фабрикаларымызда дизайнерлеріміз бар, олар киім топтамаларын, конструкцияларды және киім тігудің толық циклын орындайды. Көп жағдайда сырттан келген дизайнерлер бізден оларға пішіндер әзірлеу, образдарды тігу немесе олардың топтамасын сатылымға арнап тігіп беруды сұрайды. Саладағы өзекті мәселелердің бірі – сауда орындарда жалдау құны тым қымбат. Оны барлығының бірдей қалтасы көтере бермейді. Орынжайды жалдап тұру мүлде тиімсіз. Оған қарағанда сауда нүктесін сатып алып, несие төлеу жеңілдеу. Бізде 100 шаршы метрді айлық құны 4 млн теңге тұратын дүкендер бар, оның үстіне жалға берушілер бір-екі айға алдын ала төлем жасауды талап етеді», – деді «Семирамида» ЖШС бас директоры Наталья Ахшабаева.

 Өткен аптада ірі сауда желілердің бірінің өкілдері отандық брендтерге арнап жеңілдетілген шарттар бойынша жалға сауда нүктелері берілетіні туралы хабарлады. Қазіргі таңда Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласында істеп тұрған 992 жұмыс кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 13-і ірі, 27-і – орта және 952 шағын кәсіпорын бар. Олардың 51%-ы текстиль өндірісімен, 38%-ы киім, 11%-ы былғарыдан өнім өндірумен айналысады.

«Жеңіл өнеркәсібі саласында Түркістан облысы көш бастап тұр. Оған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы қолайлы жағдай жасаған. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақта жеңіл өнеркәсібі саласында 13 жобаның 10-ы жүзеге асырылды. Қатысушыларға инвестиция көлеміне қарамастан, кедендік, инфрақұрылымдық, салықтық, мүліктік жеңілдіктер көрсетіледі. Мемлекеттік қолдаудың осындай шаралары іс жүзінде тиімді әсер беруде. Сондықтан осы сала қатысушыларына қатысты жеңілдік саясатын жаппай қолданса деген тілек бар» – деп мәлімдеді «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» ҚБ директоры Адиля Түгел.

Оған «АГФ ГРУПП» ЖШС мысал бола алады. Компания 2016 жылы жеке брендін әзірледі, өнімді сауда желілері арқылы өткізіп жатыр. 2018 жылы өндірістік кешен кезекті рет «Кәсіпкер-2018» халықаралық байқаудың ұлттық кезеңінің финалисі атанды. Аталған байқау «Өңір көшбасшы» аталымында «Ernst and Young» компаниясымен ұйымдастырылады.

«Фабрикамыз дайын маталардан «ИКЕА»-ға арнап төсек тыстарын тігуге маманданған. Мата дизайнын «ИКЕА» өзі ұсынады. Біз тапсырыс орындаймыз. Сонымен қатар «ARUA», «SUAVE» сынды жеке брендтер өнімдерін шығарамыз. Көп жағдайда бізге тәжірибелі тігіншілер мен жас мамандар жетіспей жатады. Бізде мемлекет тарапынан жақсы қолдау бар – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта орналасу, салықтар бойынша жеңілдіктер, сонымен қатар импорттық шикізат пен өнім экспортына баж салығы бойынша жеңілдіктер қарастырылған», – деді «АГФ ГРУПП» ЖШС директоры Шолпан Оразова.

Шымкенттік «AZALA Textile» комбинаты 6 800 мың тонна жүнді өндіру қуаттылықпен жылына 14 млн погон метр мата, 7 млн тоннадан астам махер өнімдері, 2 млн дана төсек тысын шығарады. Компания дайын текстиль өнімін өндіру және шығару бойынша Қазақстанда толық тізбекті орындайтын ірі текстиль фабрикасы болып саналады. 2018 жылы кәсіпорын ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауының «Үздік индустриялық жоба» аталымында лауреат атанды.

«Барлық ақпаратты кәсіпорнымыздың дизайнерлері ойластырып, қорытады. Төсек тыстарына арналған өрнектерді білікті дизайнерлер әзірлейді. Бүгінде ассортиментте кез келген талғамға арналған 100 астам үлгі бар: өрнектер, өсімдік суреттері, геометриялық өрнектер, ұлттық ою, балаларға арналған сериялар. Өткен топтамалардың сатылымдарына жасалған маркетингтік талдауға ерекше мән беріледі, кемшіліктер мен артықшылықтар ескеріледі. Келешекті болжамдар, трендтер, түс палитрасы және түстердің сәнді үйлесімі, таңдаулы бояулар зерттеледі. Олар арқылы келесі топтама әзірленеді», – дейді «AZALLA Textile» ЖШС Гүлнара Садықбекова.

 «Zhamal-ai LTD» ЖШС жыл сайын «Шаркей» брендімен ерлер, әйелдер және балаларға арналған 10 мың жұп аяқ киім шығарады. Қазір компанияда Испания және Австриядан келген мамандармен бірге өндірістік процесті жетілдіру бойынша жұмыс жүріп жатыр.

 

«Біз «Шаркей» брендімен ересектер  және балаларға арналған былғары теріден аяқ киімдер ассортиментін шығаруды таңдадық. Модельдерді  ары қарай да дамытпақпыз. Барлық модельдерді мамандарымыз әзірлейді. Әрине, Қазақстанда және басқа мемлекеттердің нарықтарындағы сұранысқа назар аударамыз – қандай мокасалар киеді, қандай мата қолданылады, зерттейміз», – деді «Zhamal-ai LTD» ЖШС директоры Зибира Хасанова.

 Барлық тігін фабрикалары «ALTYN OIMAQ» – Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі форум-көрмесіне қатысады. Аталған ауқымды іс-шара тамыз айының соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің белсенді кәсіпорындарына аранлаған «ALTYN OIMAQ» байқауы, бірінші кезекте жаңа, тың бастамалар үшін жас дизайнерлерді табу мүмкіндігі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер