astana-view

«ALTYN OIMAQ» финалистері: Маргарита Минигулова және «Marito sport» бренді

2019 жылғы 18 Шілде
5521 просмотров

Маргарита  Минигулова бала кезінен тігеді. Тігіншілік  – балалық шақтан армандаған кәсібі

«Мамандығым – конструктор-модельер. Көп жылдар бойы жоғары білім беру саласында студент-дизайнерлерді киімнің денеге дұрыс «келуі» өнеріне баулып, оқыттым. Бір күні бұл іспен тоқтап қалмай, әрі қарай даму қажеттігін түсіндім», – дейді тігінші.

Оның таңдауы спорт киіміне түсті. Отбасының қолдауымен MARITO SPORT брендін жасады. Әртүрлі бағыттағы спорт киімдерін тіге бастады.

«Ісімнің өзіме қызықты болғаны соншалық, кейде басы бүтін беріліп кетемін. Идеялар кез келген жерде, кез келген уақытта туа береді, тіпті түсімде де көремін. «Неге спорт киімі» деп сұрасаңыз, бұл игілікті іс. Менің клиенттерім рухы мықты, батыл, адал, біріктіруші күшке ие, әрдайым көтеріңкі көңілдегі адамдар», – дейді Маргарита.

Компанияның ұстанымы – «Спорт рух шынықтырады», ал оффері: «Сізге және отбасыңызға арналған спорт киімі».

«Менің ең сүйікті оқиғам брендтің қалыптасуымен байланысты: Күйеуім екеуміз аялдамада отырғанбыз, бір кезде ол «Неге екенін білмеймін, бірақ компанияны МАРИТО деп атау қажет» деді. Ал мен спорт киімі болады деп қостым. Осылайша, брендіміздің идеясы қалыптасты. Атауы қайдан, қалай келгенін білмеймін, өз-өзінен ауызға түсе кетті. Кейін білсек, «басты», «қорғаушы», «қамқоршы»  мағыналарын береді екен», – деп бөлісті дизайнер.

«Кез келген бизнесте проблемалар болады. Ең бірінші, маталар мен фурнитураларды жеткізу. Отандық өнім, оның ішінде, дәл спорттық маталар жайында айтар болсақ, қазақстандық өнім жоқ.  Екіншіден, дайын өнімді сату мәселесі. Менің бағытымда бәсекелестік жоқ деп айтып та жатады. Алайда бәсекелес бар, ол – Қытай», – дейді Маргарита  Минигулова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер