astana-view

Ақтөбелік 10 жасар дизайнер «ALTYN OIMAQ» республикалық байқауында жеңіске жетті

2019 жылғы 30 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
16326 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында «Тұрақты даму және əйелдер кəсіпкерлігін қолдау қоры» ҚҚ директоры Динара Аллаберген 1 млн теңгенің сертификатын ақтөбелік жас дизайнерге тапсырды

Байқауды «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» ҚҚ-мен бірігіп ұйымдастырып, өткізді. Байқау қазақстандық киім дизайнерлері арасында 6 номинация бойынша, үш кезеңнен тұрды. 

Әйгерім Мұратқызы «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімі» номинациясында өз жұмысын ұсынды. Шығармашылық сайысқа қатысуға оның анасы Айнагүл Мазинова өтініш берген. 

Ол өзі өте жақсы тігеді. 10 жыл бұрын өз ательесін ашты, бірақ балаларын күту қажеттігіне байланысты барлық жұмысты тоқтатуға тура келді. Алайда, балаларының бірі Әйгерім тігуге қызығушылық танытты, анасы оның дағдыларын дамытуға көмектесуді шешті. 10 жасар Әйгерім көйлектер, пішу және тігуді өзі біледі. Ол «Тұмар» шығармашылық академиясының үйірмесіне қатысып, көркемсурет лицейінде білім алып, білімін жетілдірді. 

Сондай-ақ, Әйгерім фортепианода ойнауды қатар оқыған, қалалық және облыстық деңгейдегі түрлі конкурстарға қатысқан. Қазір көркем гимнастикамен айналысады. 

Анасының айтуынша, Әйгерім бала кезінен шыдамды, тыныш, ұстамды. Әр жұмыста сұлулықты көреді. Қазір ол тігін машинкасының көмегімен өзіне киім тігіп, үлкен киімді бірнеше өлшемге азайта алады, өлшем ала алады, оның өтініші бойынша ата-анасы қызды оқытқан дизайнер Динар Османды Ташкенттен шақырған. 

Әйгерім сән индустриясына өз үлесін қосамын деп үміттенеді, осыған байланысты Айнагүл Мазинова ателье ашуға шешім қабылдады. Қазір ұлттық ою-өрнегі бар футболкалар, көйлектер мен балалар киімдерін тігумен айналысады. Әйгерімнің ерекшелігі - өнерге деген сүйіспеншілік, ол ұлттық стильде дизайн жасауды жақсы көреді. 

«Біз, Қазақстанда киімдерді Қытай, Түркия, Италияға қарағанда жақсы жасауға болатынын көрсеткіміз келеді. Бізде ұлттық салт-дәстүрлер бар. Біздің мақсатымыз – тауарларымызбен әлемдік нарыққа шығу», – дейді жас шебердің анасы. 

Көптеген адамдар шын мәнінде дизайнер Айнагүлдің өзі деп ойлайды. Бірақ ол тек киім тігіп, Әйгерімнің нұсқауларын орындайтынын айтты. 

Өз жұмысымызды бүкіл Қазақстанға көрсету мүмкіндігі үшін «ALTYN OIMAQ» байқауына рахмет. 

«Менің аналық арманым – балаларымның дамуы. Қызым мені шабыттандырады, күш береді. Оның әйгілі дизайнер болатынына сенемін», - дейді көп балалы ана. 

Қызы мен анасының болашаққа жоспарлары көп. Жақын арада олар шағын сериялық өндірісте киімдерді іске қосуға, ал кейін синтетикалық трикотаждан спорттық киімде өз күштерін сынап көруге үміттенеді. 

Айта кетейік, «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің байқауы 2019 жылдың наурыз айында «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бұйрығымен бекітілді. Еліміздің кәсіпорындары мен дизайнерлері қатысуға 284 өтінім жіберді. 

Комиссия таңдаған конкурстың лауреаты атағына 13 үміткердің ішінен үздік деп танылды: 

– «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны» номинациясында Эльмира Битөреева (Алматы). 

– «Ұлттық ою – өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны» номинациясында - Айнагүл Мазинова (Ақтөбе облысы). 

– «Ұлттық ою – өрнекпен көмкерілген Үйге арналған текстильдің үздік дизайны» номинациясында – Евгения Жандарбаева (Нұр-сұлтан). 

– «Ұлттық ою – өрнекпен көмкерілген аксессуардың үздік дизайны» номинациясында – Сәкен Қаржаубаев (Маңғыстау облысы, Жаңаөзен), 

– «Үздік костюм, спорттық аяқ киім дизайны» номинациясында – Айбибі Әбуова (Нұр-сұлтан). 

– «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорттық киімдердің үздік дизайны» номинациясында – Алина Данилова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер