astana-view

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық біліктілік жүйесі: тарихы, дамуы, нәтижелер

Ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) – экономика салалары, еңбек нарығы және кәсіптік білім беру мен оқыту жүйесінің өзара байланысын қамтамасыз ететін біліктілікке сұраныс пен ұсыныстың құқықтық және институционалдық реттеуіштерінің тұтас кешені;

ҰБЖ элементтері:

Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің жүйелі және құрылымдалған сипаттамасы (ҚР-да 8 деңгейден тұрады).

Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жүргізеді және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия бекітеді.

(ҚР Еңбек кодексі 117-бабының 3-тармағы).

Біліктіліктердің салалық шеңбері (БСШ)   – ұлттық біліктілік жүйесінің құрамдас бөлігі( кіші жүйесі), салада танылатын біліктіліктің сараланған деңгейлерінің негіздемелік құрылымы; 

Салалық біліктілік шеңберін әзірлеуді және қайта қарауды тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары мен жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) жүргізеді және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар бекітеді.

(ҚР Еңбек кодексі 117-бабының 4-тармағы).

Кәсіптік стандарт (КС) – нақты кәсіптік топта (кәсіптік қызмет саласында) немесе кіші топта (еңбек қызметі түрінде) біліктілік пен құзыреттілік деңгейі, еңбек мазмұны, сапасы және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.

Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) салалық біліктілік шеңберлері негізінде жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітеді.

(ҚР Еңбек кодексі 117-бабының 4-тармағы).

Білім беру бағдарламалары – Кәсіптік стандарттар негізінде оқыту бағдарламалары.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлануға және сәйкестікті растау мен біліктіліктер берудің кешенді жүйесін іске асыру үшін тиісті кәсіптік стандарттар болған кезде талаптарды ескеруге тиіс.

 (ҚР Еңбек кодексі 118-бабының 1,1-тармағы).

Мамандарды сертификаттау (біліктілікті тану) – тиісті біліктіліктер бойынша дағдыларды, білім мен машықты тану.

 «Атамекен» ҚР ҰКП «...мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асырады»

(«Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңының 13-бабының 4-тармағы)

Тарихы:

Қазақстанда ұлттық біліктілік жүйесінің дамуы Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің қолдауымен ҚР Білім және ғылым Министрлігі жанындағы «техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасын (бұдан әрі – ҚР БҒМ жобасы) іске асыру шеңберінде 2012 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде жүзеге асырылған.

ҚР БҒМ жобасы шеңберінде мынадай құжаттар әзірленген: 

- ҰБШ;

- Салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу және ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;

- 12 БСШ;

- 147 КС;

- Кәсіптік стандарттар негізінде кәсіптік-техникалық білім беру мамандықтары мен пәндер бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі;

- Мамандардың біліктілігін растау және беру бойынша материалдар.

2013 жылы республикалық бюджет (РБ) шеңберінде 176 КС әзірленді.

2014 жылы ресупбликалық бюджет шеңберінде – 88 КС және БСШ әзірлеу әдістемесі қайта бекітілді.

2015 жылы РБ – 38 КС.

2012-2015 жылдар кезеңінде ҚР-да барлығы 449 КС әзірленді және бекітілді.

2016 жылы ҰБШ жаңартылды (16.03.2016 ж.).

Сондай-ақ, 2016 жылы бұрын әзірленген кәсіптік стандарттар 2012-2015 жылдар кезеңінде жойылуға қойылды.

2016 жылдан бастап ҚР ҰСК негіздерін қалыптастыру бойынша жұмыс ҚР Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы «еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы бойынша әріптестік туралы келісім шеңберінде жалғасты.

 Жоба операторы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ жобасы). Осы жобаны іске асыру мерзімі 2021 жылдың соңына дейін ұзартыла отырып, 5 жыл (2016-2020 жж.).

ҚР ЕХӘҚМ жобасы шеңберінде мынадай құжаттар әзірленді және/немесе өзектендірілді:

- Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;

- Салалық біліктілік шеңберін әзірлеу және ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;

- ҰБШ және еңбек нарығының қажеттіліктері мәнмәтінінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша нұсқаулық;

- Ұлттық біліктілік шеңберін жаңарту бойынша ұсынымдар;

 - ҰБЖ дамытудың жол картасы;

- 36 БСШ;

-  жаңа мамандықтардың 9 атласы;

- Жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарына арналған білім беру бағдарламалары.

«Атамекен» ҚР ҰКП-да 582 кәсіптік стандарт (2021 жылғы қазандағы жағдай бойынша) бекітілді, оның ішінде 31 кәсіптік стандарт бастамашыл, Еуропалық қайта құру және даму банкін қаржыландыру шеңберінде әзірленген 5 кәсіптік стандарт, ҚР ЕХӘҚМ жобасы шеңберінде 546 кәсіби стандарт әзірленген.

Кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша материалдар, ақпарат, талқылау нәтижелері facebook-те Қазақстандағы біліктілікті дамыту тобында жарияланды

 

ҚЫЗМЕТТЕР

 

БІЛІМ БЕРУ

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Ересектерге арналған қосымша білім беру

Ғылым

Қосымша білім беру (педагогикалық және әдістемелік қызмет)

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (педагогикалық және әдістемелік қызмет)

Бастауыш білім (педагогикалық және әдістемелік қызмет)

Жалпы орта білім (педагогикалық және әдістемелік қызмет)

Негізгі орта білім (педагогикалық және әдістемелік қызмет)

Арнайы білім беру (педагогикалық және әдістемелік қызмет)

Техникалық және кәсіби білім (педагогикалық және әдістемелік қызмет)

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Су рерустары

Аңшылық шаруашылығы қызметі

Балық шаруашылығы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

Орман шаруашалығы қызметі

 

ТЕҢІЗ ТРАНСПОРТЫ

Ішкі су жолдарында кеме жүргізу

Ішкі суда жүзу кемелерін техникалық пайдалану

Флот қозғалысын басқару

Теңіз кемесінің кеме және энергетикалық қондырғыларын басқару және пайдалану

Ішкі суда жүзу кемелерінің қондырғылары және жабдықтары

Өздігінен жүрмейтін кеменің шкипері

 

ӨНЕРКӘСІП

Фосфоритті кенді агломерациялау

Геологиялық-барлау және топографиялық-геодезикалық жұмыстар

Ұңғымаларды зерттеудің геофизикалық әдістері

Геология және жер қойнауын барлау саласындағы зертханалық жұмыстар

Мұнай-газ ісі

Тау-кен ісі

Геология және жер қойнауын барлауды ұйымдастыру

Петрофизика

Далалық (алаңдық) геофизика

Геология және жер қойнауын барлау саласындағы техникалық жұмыстар

 

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Деректер базасын басқару

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы бизнес-талдау

Ақпараттық қауіпсіздік

Бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдауды қамтамасыз ету

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу

Техникалық құжаттаманы әзірлеу

Жүйелік және желілік басқару

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы жүйелік талдау

Ақпараттық ресурстарды құру және басқару

Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу

 

ЭКОЛОГИЯ

 

ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА

Жылу электрстанцияларының жылуэнергетикалық қондырғылары

Жылу техникалық жабдық және жылумен жабдықтау жүйелері

Электр және электрмеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу

Энергетикалық көлік қондырғыларын пайдалану

Электрстанциялардың және желілердің электр жабдықтары

Электрмен жабдықтау

Теміржолдың электртехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет жасау және жөндеу

Электр энергетикасы

 

МЕДИЦИНА

Акушерлік іс

Акушерия және гинекология

Анестезиология және реаниматология

Гастроэнтерология

Балалар психиатриясы

Кардиология

Клиникалық зертханалық диагностика

Зертханалық диагностика

Емдеу ісі

Сәулелік терапия

Невропатология

Нейрохирургия

Неонатология

Жалпы дәрігерлік практика

Онкология

Педиатрия

Психиатрия

Мейіргерлік іс: медициналық статистик

Мейіргерлік іс

Сот-медициналық сараптамасы

Терапия

Фтизиатрия

Медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі

Ревматология

Аллергология және иммунология

Пульмонология

Эндокринология

Нефрология

Инфекциялық аурулар

Сәулелік диагностика

Функционалдық диагностика

Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы

Жалпы хирургия

Кардиохирургия

Ангиохирургия

Травматология-ортопедия

Патологиялық анатомия

Трансфузиология

Перфузиология

Балалар хирургиясы

Медициналық генетика

Денсаулық сақтау менеджменті

Қоғамдық денсаулық сақтау

 

ҚҰРЫЛЫС

Құйма және құрама темірбетон конструкциялардың құрылғысы

Балташылық және ағаш жұмыстар

Термооқшаулау жұмыстары

Слесарлық жұмыстар

Сырлау жұмыстары

Жабын жұмыстары

Терезе мен есік блоктарын монтаждау және жөндеу

Құрылыстағы дизайнерлік жұмыстар

Құрылыстағы техникалық бақылау

Жер жұмыстары

Ғимараттар мен имараттарды ұстау

Ғимараттар мен имараттарды әрлеу жөніндегі жұмыстар

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптау

Аумақтарды көріктендіру

Желдету және инженерлік жүйелерді құру жұмыстары

Жылу оқшаулағыш жұмыстар

Гидрооқшаулау жұмыстары

Конструкцияларды тоттанудан қорғау жұмыстары

Аспалы қасбет құру жұмыстары

Автомобиль жолдарының құрылысы

Қоршау конструкцияларының шудан қорғау және дыбыс оқшаулау жұмыстары

Түтін құбырларын салу (монтаждау) және пайдалану жұмыстары

Құрылыстағы сметалық жұмыстар

Құрылыс өнімін (нысандарды) жобалау

Кәріз суағарларын тазалау

Суды тазалау

Су құбыры-кәріз желілеріне қызмет көрсету және оларды пайдалану

Құрылысты қадағалау (сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер)

Құрылыстағы құрастыру

Сәулеткерлік қызмет

Қалалық электр көлігін (салалар бойынша) пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану 

Көпірлер мен көлік тоннельдері

Газбен қамтамасыздандыру жабдықтауларын және жүйесін монтаждау және пайдалану

Магистральдық, жергілікті және тораптық құбырларды монтаждау

Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдету және инженерлік жүйелер құрылғыларын монтаждау және пайдалану

Гидротехникалық құрылыс 

 

ТЕАТР ӨНЕРІ

Актерлік өнер

Аспаптық орындаушылық

Вокалдық өнер

Дәстүрлі музыкалық өнер

Дирижерлеу

Музыкатанушы

Режиссура

 

Жоба бойынша ұсыныстар мен ескертпелерді мына электронды мекенжайға жіберіңіз: m.issabekov@palata.kz

Еншілес ұйымдар

Серіктестер