astana-view

Мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру

2016 жылғы 15 мамырдан бастап «Өзін-өзі реттеу» туралы ҚР заңы мен оған ілеспе заң күшіне енді.

Бұл заңдар Ұлттық палата (бұдан ары - ҰКП) мен өзін-өзі реттеу ұйымдары (бұдан ары – ӨРҰ) арасындағы ҰКП жүйесінде аккредиттелу арқылы жүзеге асатын өзара әрекеттесу мәселелерін регламенттейді.

Аккредиттелген ӨРҰ Съезд, ҰКП Төралқасы мен Төралқа комитеттері жұмысына қатысуға құқылы.

Осыған байланысты ҰКП ішкі құжаттарына өзгерістер енгізіліп, олар осы жылдың 16 маусымында Палатаның жыл сайынғы кезекті Съезінде мақұлданды.

Қазақстандағы өзін-өзі реттеу институтын дамыту аясында ҰКП, сонымен бірге, мемлекет жүзеге асырып отырған мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру жөніндегі реформаға да белсенді түрде атсалысуда.

Аталған процесс мемлекеттік органдар мен Ұлттық палатаның мемлекеттің бәсекелестік орта мен ӨРҰ-на берілуі тиіс функцияларын анықтау және болашақта оларды тапсыру жөніндегі жыл сайынғы жұмысын қарастыратын  жүйелі сипатқа ие.

Бұл бағыттағы жұмыс биылғы жылдың қаңтар айындағы Премьер-министр бұйрығына сәйкес құрылған Комиссия аясында (Комиссия басшысы Д.Н.Назарбаева) жүргізіледі.

Комиссия мақұлдаған қадамдар базасында «Өзін-өзі реттеу» (2017 жылғы қыркүйек) туралы заңның аналогиясы бойынша базалық заң жобасы жасалуда, бұл тұста ҰКП мемлекеттік функцияларды тапсырудың барлық процедураларының міндетті қатысушысы болмақ.

Оның ішінде, кәсіпкерлік субъектілерінің нарықтық даярлығы мен реттеуші ықпал етуді талдау жөніндегі жұмыстарының басты үйлестірушісі ретінде ҰКП-ның рөлін заңнамалық түрде бекіту мәселесі де қарастырылуда.

Бүгінгі таңда ОАҚ мен ЖАО-дың 15 334 мемлекеттік функциясын түгендеу қорытындылары бойынша 448 функцияны беру ұсынылды (түгендеу мен нарық даярлығын талдау әдіснамасын ҰКП жасап шығарған).

Нарықтың даярлығы мен бизнес көтерген бастамаларға байланысты жақын арада ӨРҰ мен бәсекелі орта, оның ішінде ҰКП-ға берілуі тиіс функциялардың 2 тобы құрылды.

Анықтама үшін:

1-ші топқа ҰКП-ға (АӨК субъектілерін субсидиялау мәселесі жөніндегі АШМ функциялары, жергілікті құрам (NADLoC) мен туристік нарықты дамытуға  қатысты ИДМ функциялары); өзін өзі реттеу ұйымдарына (бағалау, аудиторлық қызмет, экологиялық аудит саласындағы функциялар) берілуі тиіс функциялар енеді. Комиссияның функцияларды жүзеге асыру механизмдерін қарау мерзімі – 2016 жылғы қазан.

2-ші топқа функцияларды келесі тәсілдер арқылы беруді қарастыратын ДӘДМ,  ИДМ, МСМ, ҚМ, АШМ, БҒМ функциялары енді: өзін өзі реттеу, аутсорсинг, қызмет алушылар есебінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. Комиссияның функцияларды жүзеге асыру механизмдерін қарау мерзімі – 2017 жыл.

Бұл бағыттағы жұмысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік функцияларды бәсекелі орта мен ӨРҰ беру жөніндегі 2016-2019 жылдарға арналған  ҰКП бекіткен Шаралар жоспарына сәйкес жүргізуде.

Нарықтың даярлығын немесе реттеуші ықпал етуді талдауды жүргізу үшін ұсынылатын мемлекеттік органдар тізімі 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер