astana-view

Кәсіпкерлік ортаны зерттеу

Ақпараттық анықтама

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі мен Ұлттық палата арасында бекітілген Бизнесті қорғау жөніндегі бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспарының 2.24-тармағын орындау үшін «Әкімшілік қысым индексі» (бұдан әрі – Индекс) есептеп шығарылды.

Әкімшілік қысым индексін есептеу бақылау органдары мен өңірлер бөлінісінде жүргізіледі.

Индекс статистикалық деректер, сондай-ақ сауалнама көрсеткіштері негізінде есептеледі.

 

2022 жылғы қорытынды

2023 жылғы қорытынды

2024 жылғы нәтиже туралы анықтама

2024 жылғы қорытынды

 

 

Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның өңірлерінде бизнес жүргізуде орын алған жағдайға талдау жасау әрі салыстыру, «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін кәсіпкерлік ортаны дамытудың сыртқы, сондай-ақ ішкі факторларын есепке ала отырып қалыптастыру.

Зерттеудің міндеті: өңірлерге бөлгенде кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тиімді жұмысы мен ашықтығын зерттеу аясында кәсіпкерліктің даму деңгейі бойынша интегралдық индексті есептеу; «Өңірлерге бөленде кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тиімді жұмысы мен ашықтығын сараптау» зерттеуі аясында бағалау әдістемесін жетілдіру; бизнес-ортаны бағалау әдістемесін сараптау; Қазақстан Республикасының өңірлерін бизнес жүргізу жағдайына қарай саралау; өңірде бизнестің даму серпінін өткен жылмен салыстыра талдау; Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділікті жағдайы туралы ұлттық баяндама дайындау; 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланың бизнес жүргізудегі өңірлік сипатын жасау; бизнес ахуалды жақсартуға қатысты ұсыныстарды дайындау.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер