27-29 сәуір күндері Алматыда Сауда әлемі халықаралық конвенті өтеді
Қазақстандағы бөлшек сауданың 25 жылдығына орай Алматыда сәуірдің 27-29 күндері Еуразиядағы компания басшылары, бөлшек сауда, дүкендер қожайындары, дистрибьюторлар, өндірушілер, логистика және қаржы компанияларының иелері мен бірінші басшыларының кездесуі – Сауда әлемінің XVII Халықаралық конвенті өтеді. Бұл сауда саласы ойыншыларына маңызды бизнес міндеттерін шешуге көмектесетін ритейл нарығының басты оқиғасы, Дәлірек айтқанда, Конвент жеткізушілерге өз өнімін өткізудің жаңа тиімді каналдарын табуға, жаңа нарыққа енуге, ал сатып алушыларға тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие жаңа тауарлармен өз сауда желілерін толықтыруға мүмкіндік береді. Конвентке қатысатын сауда желістерінің 90% астамы сатып алу туралы шешім қабылдайды.
Қазақстандағы бөлшек сауданың 25 жылдығына орай Алматыда сәуірдің 27-29 күндері Еуразиядағы компания басшылары, бөлшек сауда, дүкендер қожайындары, дистрибьюторлар, өндірушілер, логистика және қаржы компанияларының иелері мен бірінші басшыларының кездесуі – Сауда әлемінің XVII Халықаралық конвенті өтеді. Бұл сауда саласы ойыншыларына маңызды бизнес міндеттерін шешуге көмектесетін ритейл нарығының басты оқиғасы, Дәлірек айтқанда, Конвент жеткізушілерге өз өнімін өткізудің жаңа тиімді каналдарын табуға, жаңа нарыққа енуге, ал сатып алушыларға тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие жаңа тауарлармен өз сауда желілерін толықтыруға мүмкіндік береді. Конвентке қатысатын сауда желістерінің 90% астамы сатып алу туралы шешім қабылдайды.
Сауда әлемі конвенті – түрлі елдердің жеткізушілері мен өндірушілерін сауда желістерінің сатып алушыларымен табыстыратын алаң. Конвент тарихында Қазақстан, Ресей, Беларус, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркменстан, Латвия, Литва, Словения, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Германия және Италиядан келген 7 500 астам жеткізуші қатысқан болатын. Мыңнан астам жеткізуші сауда желістерімен келісімшарттар жасады, өз тауарларының жеткізілу географиясын кеңейтті.
Конвенттің бірегей форматы – байланыс орнату кепілдігі
Сауда әлемі конвенті бірегей форматта өтеді және бірнеше негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді:
- Еуразиялық сауда конгресі
Ритейл саласындағы жетекші эксперттердің, билік және мемлекеттік органдар өкілдерінің, сонымен қатар ең ірі сауда желістері басшыларының тәжірибе және білім алмасу мақсатында, нарық туралы шынайы ақпарат алу, қазіргі уақытта проблемаларды шешіп, мақсаттарға жету үшін көмектесетін статистикалық мәліметтерді бөлісу мақсатында жиналатын кездесу орны. Конгресс аясында баяндау, дөңгелек үстелдер және фокус-сессиялар өтеді.
- Сауда әлемі сауда-саттық орталығы
Сауда желістері мен жеткізушілер арасында ұйымдастырылған В2В-келіссөздер онлайн және офлайн форматта өтеді. Келіссөздер нәтижесі бойынша әр тарап ондаған пайдалы контактілер және Конвент аяқталған соң жеткізу мәселелерін шешу үшін жауапты тұлғалармен талқылауды жалғастыру мүмкіндігіне ие болады. Келіссөз процесіне тек желі өкілі мен жеткізуші ғана қатысады. Алаңға үшінші тараптан бөгде адамдарды өткізбейтіндіктен, келіссөздер барынша жемісті, нәтижелі өтеді. Келіссөз өткізудің осындай оңтайлы әдісі нәтижесінде көптеген өндірушілер жаңа нарыққа шығып, жеткізу географиясын кеңейтті.
- Сауда әлемі көрмесі
Көрме дәстүрлі форматта да, сонымен бірге гипермаркет форматында яғни қатысушылар өз тауарын көрсетіп қана қоймай, дүкен сөрелерінде шынымен қалай тұратынын, сондай-ақ дистрибьюторлар мен сауда желістері өкілдеріне дегустация жасайтын дүкен стилизациясы түрінде жасалған. Дәстүрлі көрмеде тауарлар мен қызметтерді жеткізуші компаниялар шағын кеңседе отырғандай жұпар кофені сораптай отыра жеке кездесулер өткізіп, ол қызметтері немесе өнімдерін көрсетеді, шешімдерін ұсынады, өнімдердің дегустациясын ұйымдастырады.
- Конвент өткізілетін қаладағы сауда желістеріне кәсіби экскурсия
Экскурсия дүкендер аумағында ритейлермен келіссөздер өткізу мақсатында өндірушілер мен жеткізушілер үшін өткізіледі. Мұнда сауда желісінің сөрелеріне тауарлардың шығарылуын көруге, брендтің ұсынылу шарттарын талқылауға және көкейдегі сауалдарды қоюға болады.
Конвенттің ритейлер қатысушылары
Қазақстанда 10 елден келген 100-150 ритейлер қатысады, олардың 50% қазақстандық дистрибьюторлар мен сауда желістерін Әрбір Конвентте Қазақстаннан Magnum, SMALL, Metro C&C, SPAR, INMART, Carefood, «Идеал Маркет», «Южный», «Дина», «Аян», «Вкусная корзинка», Leroy Merlin, A-store, «Тоймарт», «Сабыржан», «Светофор», GREENWICH, JLC, «Доброцен», Galmart, Arbuz.kz, Fresh Market, «Меркурий», «Комфорт», «Астыкжан», «Волна», GraMad, Colibri, Firkan, «Корзина», «Меломан», Marwin, SULPAK, «Технодом», «Алкомаркет», Cosmart, «Интертоп», «Детский мир», «Мир Вкуса» және басқа да компаниялар, Ресейден X5 Retail Group («Пятерочка», «Перекресток»), «Магнит», «Лента», SPAR, ОК/DA, «Гиперглобус», «Азбука вкуса», «ВкусВилл», «Командор», «Самбери», «Мария-Ра», «Аникс», «Петровский», «Доброцен», «Низкоцен», «Бахетле», «Добрянка», «Победа», «Байрам», «Бегемот», «Хороший выбор», «Союз», «Гулливер», «Шамса», «Леонардо», «Авоська», «Титан», «Николаевский», «Красный Яр», «Батон», Uppetit, «Доверие», «Тутберри» және басқа да компаниялар, Өзбекстаннан Makro, Korzinka, M Cosmetic, Bi-1, ISHONCH, Asia.uz, Havas, Baraka Market, Rayhaan Group, Carrefour, FixPrice және басқа да компаниялары, Тәжікстаннан AMID, «Пайкар», Қырғызстан, Бішкектен «Народный», «Достор», Globus, Әзірбайжаннан «Рахат маркет», AzeriRetail, Грузиядан «Никора», Good Will, SPAR, Армениядан SAS Group, «Ереван Сити», Беларустен «Евроопт», «Санта» және көптеген басқа да компаниялар қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 350-400 адамнан асады.
«Конвенцияда біз өндірушілер мен сауда желілері арасындағы келіссөздер процесін ұйымдастыру мәселесіне аса мән береміз, өйткені оның екі тарап үшін де маңыздылығын түсінеміз. Мұндай тәсіл бізге іс-шара қорытындысы бойынша нақты мәмілелердің жасалу пайызын 10 жылдан бері жоғарылатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Сауда әлемі халықаралық конвенциясының ұйымдастырушысы Елена Сарғалдақова.
Биліктің өкілдері Конвенцияның маңыздылығы туралы айтады.
«Бүгінде сауда ел экономикасының дамуы үшін айтарлықтай маңызға ие. Бірақ біз күрделі геосаяси жағдайды және пандемиядан кейінгі кезеңді ескере отырып, бүгінде сауда ағындары мен бағыттарының өзгеруі жүріп жатқанын, логистиканың өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Бұл жағдайда Конвенцияның ерекше маңызы бар. Біз нарықтағы негізгі ойыншылармен, жеткізуші қатысушылармен осы қиын уақытта мемлекеттік реттеу мен жақсарту тұрғысынан қандай перспективаларды көруіміз керек және бөлшек сауда мен жеткізушілер арасындағы қатынастардың әділдігін сұрау тұрғысынан кеңесу мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл өте маңызды. Мұндай іс-шаралар тек практикалық сипатта болатынына сенімдімін. Талқылау мен пікір алмасудан басқа, мұнда нақты сауда операциялары, мәмілелер өтеді. Мұның бәрі бізге Қазақстанда сауда саласын дамыту тек дамушы бағытта жүретініне оптимизм мен сенімділік береді», – деді Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Абайұлы Шаққалиев конвенция туралы.
Сауда әлемі Конвенциясын EXIM EXPO (BBCG Kazakhstan ЖШС) бөлшек сауда индустриясының іскерлік іс-шараларының халықаралық операторы ұйымдастырды және Атамекен ҚР ҰКП, QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының, түрлі елдердің сауда-өнеркәсіп палаталарының, салалық қауымдастықтар мен бірлестіктердің қолдауымен өтуде.
Барлық елдердегі Сауда әлемі конвенцияларын бірлесіп ұйымдастырушылар: INFOLine ақпараттық-талдау агенттігі, NLT Trade халықаралық компаниясы, Trade Help және Retail Analytics консалтингтік компаниялары және басқа серіктестер.
EXIM EXPO (BBCG Kazakhstan ЖШС) – әртүрлі елдердегі 300-ден астам сатушының көпжылдық серіктесі, Ресей экспорттық орталығының аккредитацияланған серіктесі, Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасының TPSP бастамасының консультанты.
Конвенция сауда әлемі жабық және коммерциялық іс-шара. Қатысушыларды сайтта тіркеу https://eximexpo.kz/.
Сауда әлемі Конвенциясы 2023 жылы Өзбекстанда (15-17 маусым) және Кавказ елдерінде (24-26 тамыз) жұмыс жүргізеді.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: Mob / WhatsApp/Telegram +7 777 125 11 11, info@eximexpo.kz