Атырау қаласында «EDYGE» ЖШС-нің өз өндірісінің өнімдерін таныстыру рәсімі өтті
Компания тұрғын үй, коммерциялық және өнеркәсіптік құрылысқа арналған заманауи құрылыс материалдарын өндіруге маманданған. Атап айтқанда, минералды кірпіш, минералды плитка, брусчатка, термопанельдер және композитті серпімді панельдер шығарады.
Таныстырылымға Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Суюнбаев, Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мен салалық кеңестерінің мүшелері, сондай-ақ құрылыс саласының өкілдері мен мүдделі серіктестер қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға өнімнің техникалық және пайдалану сипаттамалары, оның мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ «EDYGE» ЖШС материалдарын мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруда қолдану мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды. Жеткізу шарттары мен ұзақ мерзімді ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.

Компания өкілдері өнімдерінің қазақстандық өндірушілер тізіліміне енгізілгенін және жергілікті қамтуды растайтын СТ-KZ сертификатына ие екенін атап өтті. Бұл өнімді мемлекеттік сатып алулар аясында қолдануға мүмкіндік береді.
Компания басым мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін қажетті сараптамалық және техникалық ресурстарға ие.

«Біз өз дамуымыздың негізгі бағытын ескі тұрғын үй қорын қайта жаңғырту және жаңарту жобаларына, сондай-ақ заманауи тұрғын үй кешендерін салуға интеграциялауда көреміз», – деп атап өтті «EDYGE» ЖШС өкілдері.
Бүгінгі таңда серіктестік мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына белсенді қатысуда. Іске асырылған жобалардың қатарында Атырау және Құлсары қалаларындағы көпқабатты тұрғын үйлерді қаптау, Құлсары қаласының Мәдениет үйі, әлеуметтік мекемелердің ғимараттары, Доссор кентіндегі үйлер, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен 80 үйді термоплиткамен қамтамасыз ету бар.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Суюнбаев ұсынылған өнімнің сапасы мен өңірлік құрылыс жобалары үшін өзектілігін жоғары бағалады.
«EDYGE» ЖШС өнімдері заманауи құрылыс талаптарына толық сай келеді, жоғары сапа мен бәсекеге қабілеттілікті көрсетеді. Компанияның одан әрі даму және өз жобаларын табысты іске асыру үшін жақсы перспективалары бар деп сенемін. Компания ұжымына алдағы уақытта табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін», – деді ол.
Таныстырылым қорытындысы бойынша қатысушылар өңірде жүзеге асырылып жатқан құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларда «EDYGE» ЖШС өнімдерін қолдану және ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.