Қызылордада Әйелдер кәсіпкерлігі кеңесінің отырысы өтті
6 ақпанда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Әйелдер кәсіпкерлігі салааралық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиында 2025 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.
Кеңесті Әйелдер кәсіпкерлігі салааралық кеңесінің төрағасы Венера Дәулетбаева жүргізді. Іс-шара барысында кеңестің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасалып, қол жеткізілген нәтижелер мен жүзеге асырылған бастамалар сараланды.
Кеңес төрағасы Венера Дәулетбаева жиын барысында:
«Әйелдер кәсіпкерлігі – өңір экономикасының маңызды қозғаушы күші. Сондықтан біз кәсіпкер әйелдердің бастамаларын қолдап, олардың бизнесін кеңейтуге қажетті мүмкіндіктерді арттыруға басымдық беріп келеміз. Алдағы кезеңде де кеңес аясында нақты жобалар мен қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады», – деп атап өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, қатысушылар 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын қарастырды. Сонымен қатар, кеңес құрамын қайта қарау мәселесі талқыланып, ұсыныстар айтылды. Жиын соңында көтерілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалды.
Отырысты қорытындылаған кеңес төрағасы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Оның айтуынша, кеңес кәсіпкер әйелдердің бастамаларын қолдауға, олардың бизнесін дамытуға және өңірдегі іскерлік белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шараларды алдағы уақытта да жүзеге асыра береді.