Қанат Шарлапаев Қазақстан инвесторлар қауымдастығының басшылығын қабылдады

10.02.2026
Қанат Шарлапаев Қазақстан инвесторлар қауымдастығының басшылығын қабылдады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстан инвесторлар қауымдастығының басшылығын – Кеңес төрағасы Болат Ақшолақов пен Басқарма төрағасы Рустам Жүрсіновті қабылдады.

Кездесу барысында кәсіпкерлік қоғамдастық мүддесі үшін серіктестікті дамыту және жүйелі іс-қимыл орнату, инвестиция тарту және Қазақстан Республикасындағы экономикалық бастамаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті шоғырландырудың, ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар қалыптастырудың, инвесторлар мүддесін қорғаудың және мемлекеттік органдармен тұрақты диалог орнатудың орталық платформасы ретіндегі негізгі рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан инвесторлар қауымдастығының «Атамекен» ҰКП-да аккредиттеу рәсімінен өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл тиімді әрі институционалдық өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, келесі аптада «Атамекен» Ұлттық палатасының аясында Қазақстан инвесторлар қауымдастығының басшылығы мен құрылтайшыларының, сондай-ақ бейінді бизнес-бірлестіктердің, соның ішінде «KAZENERGY» қауымдастығы, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы, Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығы, «Тау-Кен Қазақстан» тау-кен металлургия кешеніндегі шағын және орта бизнестің республикалық қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Сауда желілерінің одағы өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кездесу өткізу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан инвесторлар қауымдастығы «Атамекен» ҰКП-мен жүйелі қарым-қатынас орнату елдегі тұрақты әрі болжамды инвестициялық ортаны қалыптастырудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.