Билік пен бизнес диалогы: Қарағандыда конституциялық реформа талқыланды
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың Палатаның салалық кеңестері төрағаларымен кездесуі өтті. Кездесу Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналды.
Талқылауға құрылыс, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм, шағын және орта бизнес, адами капиталды дамыту, IT және өңір экономикасының басқа да бағыттары бойынша салалық кеңестердің басшылары қатысты. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы жанында 400-ден астам кәсіпкерді біріктіретін 11 салалық кеңес жұмыс істейді, бұл бизнестің маңызды шешімдерді қалыптастыру үдерісіне кеңінен қатысуын қамтамасыз етеді.
Қатысушыларға конституциялық реформаның негізгі бағыттары, оның экономикалық даму, инвестициялық ахуал және құқықтық жүйенің тұрақтылығы үшін маңызы таныстырылды.
Жаңа Конституция жобасы қолданыстағы Негізгі заң мәтінінің 80 пайыздан астамын қамтитыны және адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, елдің егемендігін нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің болжамдылығын арттыруға бағытталған жаңа редакция екенін атап өтілді.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов құжатты ашық талқылаудың және кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
«Жаңа Конституция жобасы — құқықтық мемлекетті нығайтуға, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және азаматтар мен бизнес тарапынан мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға бағытталған іргелі реформа. Бүгінде халық пен еңбек ұжымдарын кеңінен ақпараттандыру аса маңызды», — деді Ермек Алпысов.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Владимир Алескеров бизнес үшін заңнаманың тұрақтылығы мен құқықтық ортаның болжамдылығының маңызын атап өтті.
«Бизнеске түсінікті әрі тұрақты ережелер қажет. Заңнаманың тұрақтылығы мен реттеудің ашықтығы инвесторлардың сенімін қалыптастырып, ұзақ мерзімді даму үшін жағдай жасайды», — деді Владимир Алескеров.
Кездесу барысында кәсіпкерлер қауымдастығы ақпараттық-түсіндіру жұмысына қатысуға дайын екенін білдірді. Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру үшін Өңірлік кеңес пен салалық кеңестер мүшелері қатарынан өкілдер іріктеліп, олар еңбек ұжымдары мен бизнес-қоғамдастық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Кездесу қорытындысын шығара отырып, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ерлан Калиев өңір бизнесі Конституция жобасының ережелерін түсіндіру жұмысына белсенді қатысуға дайын екенін және кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында кең ақпараттық жұмыстар жүргізуді қолдайтынын атап өтті.
