Абай облысында «Семей орманы» резерватына инвестиция тарту және туризмді дамыту мәселелері қаралды

13.02.2026
Абай облысында «Семей орманы» резерватына инвестиция тарту және туризмді дамыту мәселелері қаралды

Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.Ә. Садырдың басшылығымен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының туристік-рекреациялық қызметін дамыту және инвестиция тарту бағытындағы жоспарланған өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті.

Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, әлеуетті инвесторлар, туристік сала мамандары мен мүдделі тараптар қатысты. Сондай-ақ жиынға Абай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры М.А. Суйчинов қатысып, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық жобаларды қолдау және бизнеске арналған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде пікір білдірді.

Шара аясында қатысушылар туризм саласын дамытуға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салып, инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру, инфрақұрылымды жетілдіру және өңірдің табиғи әлеуетін тиімді пайдалану мәселелерін талқылады. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері, кәсіпкерлерге арналған қаржылық құралдар мен жаңа жобаларды іске асырудағы өзара іс-қимыл бағыттары сөз болды.

Шара барысында «Семей орманы» резерваты аумағында туризм инфрақұрылымын дамыту, ішкі және экологиялық туризмді ілгерілету, жаңа жұмыс орындарын құру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өңірдің туристік әлеуетін арттыру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша туризм саласын жүйелі дамыту, инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейту және бизнеске қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру бағытында алдағы жұмыстар жалғасатыны айтылды.