В Туркестане обсудили порядок привлечения иностранной рабочей силы

26.02.2026
В Туркестане обсудили порядок привлечения иностранной рабочей силы

Түркістанда өңір кәсіпкерлері мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен Білім беру және медицинаны дамыту салалық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі, рұқсат алу рәсімдері, квота бөлу тәртібі, көші-қон және еңбек заңнамасын сақтау сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Жиын барысында Палата директорының орынбасары Бақытжан Құралбаев кәсіпкерліктің барлық салаларында білікті кадрларға сұраныс жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, кадр тапшылығы жағдайында шетелдік мамандарды заң аясында тарту – бүгінгі уақыт талабы.

«Кеңестің басты мақсаты – кәсіпкерлерге шетелдік жұмыс күшін тарту барысында туындайтын құқықтық және рәсімдік мәселелер бойынша нақты әрі түсінікті ақпарат беру. Біз үшін ең маңыздысы – бизнестің заң талаптарын сақтай отырып, тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне жағдай жасау. Палата әрдайым бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді диалог алаңы болып қала береді», – деді ол.

 

Изображение

 

Алғы сөз алған Маханбет Төлебеков те саладағы кадр тапшылығы өнім өндіру, қызмет көрсету қызметтерінің сапасына тікелей әсер ететінін жеткізді. Оның пікірінше, шетелдік мамандарды тарту қызмет сапасын жүйелі түрде арттыруға мүмкіндік береді.

 

Изображение

 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мирова Күміскүл Кемелқызы шетелдік жұмыс күшіне квота бөлу тәртібі, рұқсат алу кезеңдері мен құжаттарды рәсімдеу талаптары туралы кеңінен баяндады. Ол кәсіпкерлер жиі жіберетін қателіктерге тоқталып, барлық рәсімдерді заң талаптарына сәйкес жүргізудің маңызын атап өтті.

 

Изображение

 

Онлайн форматта қатысқан Түркістан облысы Полиция департаменті, Көші-қон қызметі басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Аида Бахытбекқызы шетел азаматтарын тіркеу және көші-қон кезінде жіберілетін заң бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік шаралары жөнінде түсіндірме берді.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлы еңбек шарттарын заң талаптарына сай рәсімдеу, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және еңбек заңнамасын сақтау мәселелерін баяндады. Ол еңбек қатынастарын заңға сай рәсімдеу – жұмыс берушінің тікелей жауапкершілігі екенін ескертті.

 

Изображение

 

Жиын барысында кәсіпкерлер тарапынан рұқсат мерзімдері, құжат айналымы, сақтандыру талаптары және тексеру тәртібі бойынша сұрақтар қойылып, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан толыққанды жауап беріліп, шетелдік қызметкерлердің санаттары кезінде аспазшы, наубайханашы секілді мамандықтарды қосу және бір реттік төленетін төлемдердің мөлшерін төмендету бойынша ұсыныстар айтылды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу бизнес өкілдеріне өзекті мәселелерін тікелей уәкілетті органдарға жеткізуге мүмкіндік берді.

Кездесу қорытындысында қатысушылар мұндай ашық диалог алаңдары бизнестің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, шетелдік жұмыс күшін заңды әрі тиімді тартуға ықпал ететінін атап өтті. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кәсіпкерлерге Палатаға немесе тиісті мемлекеттік органдарға ресми түрде жүгіну ұсынылды.

 

Изображение

 

Изображение

 

Изображение

 

Изображение

 

Изображение

 

Изображение