«Атамекен» ҰКП алаңында электр энергетикасын дамытудың стратегиялық мәселелері талқыланды

26.02.2026
«Атамекен» ҰКП алаңында электр энергетикасын дамытудың стратегиялық мәселелері талқыланды

Бүгін «Атамекен» ҰКП алаңында Төралқаның Энергетика комитетінің отырысы өтті.

 

Күн тәртібінде саланың екі негізгі стратегиялық мәселесі қаралды: электр энергетикасы объектілерін орналастырудың Бас схемасын өзектендіру және көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны әзірлеу.

Бірінші мәселе бойынша «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры – Энергетика және ТКШ департаментінің директоры Жақып Хайрушев баяндама жасады. Ол Бас схеманың қолданыстағы параметрлері Мемлекет басшысының тапсырмаларын, жекелеген өңірлердегі жүктеменің жедел өсуін, тұтыну құрылымының өзгеруін, атом генерациясын дамытуды, сондай-ақ маневрлік қуаттар мен энергия жинақтау жүйелерін ескеру қажеттігін назарға ала отырып, қайта қарауды талап ететінін атап өтті.

Изображение

Іс-шара барысында ҚР Энергетика министрлігі, KEGOC компаниясының өкілдері және Комитет мүшелері Бас схеманы өзектендіру бастамасын қолдады. Сонымен қатар ҰКП, уәкілетті орган, жүйелік оператор және салалық қауымдастықтардың қатысуымен бірлескен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Бір ай ішінде жұмыс тобы алдын ала ұсыныстар әзірлеп, оларды Энергетика министрлігіне қарау үшін жолдайтын болады.

Екінші мәселе аясында Энергетика министрлігі көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны әзірлеу барысы туралы ақпарат ұсынды. Комитет мүшелері құжатты Үкімет Аппаратына енгізгенге дейін оны нарық қатысушыларымен алдын ала кеңінен талқылау қажеттігін атап өтті.

Изображение

3 наурызда жобаны Kazenergy алаңында екінші деңгейлі банктер, даму институттары және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдерін тарта отырып, талқылау туралы шешім қабылданды. Мұндай формат жобаның қаржылық моделін, инвестициялық тәуекелдерін және іске асыру тетіктерін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.

«Атамекен» ҰКП Энергетика комитеті электр энергетикасын дамыту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бизнес пен сараптамалық қоғамдастықтың ұстанымын шоғырландыру бағытындағы жұмысты әрі қарай жалғастырады.