Қарағандыда жер мәселелері бойынша сот шешімдерін орындау проблемалары талқыланды
Қарағанды облысының Кәсіпкерлерпалатасында Кәсіпкерлердің құқықтарынқорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 106-отырысы өтті. Күн тәртібінде — кәсіпкерлердің жеручаскелеріне құқықтарын іске асыруы мен сот шешімдерінің орындалуына қатысты жүйелімәселелер қаралды.
Талқылауды ашқан Қарағанды облысыКәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегікеңестің төрағасы Геннадий Жмук көтерілгенмәселелер жекелеген жағдайлар шеңберіненшығып, жер қатынастары саласындағы құқық қолдану тәжірибесін көрсететінін атап өтті.
Қаралған мәселелердің бірі — Қарағандықаласындағы «Горняк» базарын жаңғыртуинвестициялық жобасы болды. Жобаның құны500 млн теңгеден асады және сауда базарларынжаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламааясында жүзеге асырылуда.
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасыныңсарапшысы Игорь Кветинскийдің айтуынша, құрылысқа дайындық барысында жеке меншікжер учаскесі арқылы сервитут рәсімделмегенжәне жер иесімен келісілмеген жерасты байланысжелісінің өткені анықталған. Бұл жағдай құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуын ісжүзінде тоқтатқан.
Кәсіпкерлік басқармасы мен байланысоператорының қатысуымен жүргізілгенведомствоаралық жұмыстың нәтижесіндекелісілген шешімге қол жеткізілді.
«Байланыс желісін көшіру туралы бірлескеншешім қабылданды. Хаттамаға қол қойылды, жұмыстар басталды», — деп атап өтті Қарағандыоблысы кәсіпкерлік басқармасы басшысыныңорынбасары Сержан Капаев.
Сонымен қатар, келесі отырыста «ZIP Logistics» ЖШС-нің өтініші қаралатын болады. Компанияның мәліметінше, кәсіпорынның жүк көліктері бірнеше тәулік бойы тиістіпроцессуалдық рәсімдеусіз ұсталып, бұл бизнескеқаржылық шығындар мен тәуекелдер әкелген.
Кеңес лауазымды тұлғалардың әрекеттерініңзаңдылығын тексеруді бастамалап, жағдайдыбақылауда ұстайды.
Отырысты қорытындылай келе, қатысушыларкәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау, құқық үстемдігін сақтау және әкімшілік кедергілердіазайту өңірде қолайлы кәсіпкерлік және инвестициялық ахуалды қалыптастырудың негізгішарттары екенін атап өтті.