Қарағанды облысында бизнесті қорғаудастандарттаудың рөлі талқыланды

27.02.2026
Қарағанды облысында бизнесті қорғаудастандарттаудың рөлі талқыланды

Қарағанды облысы Кәсіпкерлерпалатасында Өңірлік кеңестің екіншіотырысы өтті. Жиынды Өңірлік кеңестөрағасы Владимир Алескеров жүргізді. Күн тәртібінде ішкі нарықты қорғаудастандарттаудың рөлі және өңір кәсіпкерлерінтолғандырған өзекті мәселелер қаралды.

РГП «Казстандарт» кәсіпорныныңстандарттау және метрология саласындағықызметі туралы баяндама жасаған – кәсіпорынның Бас директордың орынбасарыБақдәулет Ибраимов.

Оның айтуынша, «Казстандарт» – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне қарасты ұлттық стандарттауорганы және елдің бірыңғай стандарттар қорынжүргізеді. Қорда шамамен 10 мың ұлттық және 27 мың мемлекетаралық стандарт жинақталған.

Сонымен қатар кәсіпорын тарапынанұсынылатын пакеттiк қызметтерге – жаңа бастаған кәсіпорындарға арналған «старттық» қолдаудан бастап, экспорттаушыларды кешендісүйемелдеуге дейінгі құралдарға ерекше назараударылды. Кәсіпорынның жаңа қызметтердіенгізу басқармасы басшысының орынбасарыБолат Абайұлы контрафактілік өнім көлемі артыпотырған жағдайда стандарттау тетіктерініңмаңыздылығын атап өтті.

Кәсіпкерлерге экспорттаушылардысүйемелдеу, жаңа нормативтер әзірлеу, техникалық реттеу мен метрология саласындағыкеңес беру қызметтері таныстырылды.

Өз кезегінде Кеңес төрағасы Владимир Алескеров ұсынылған құралдардың практикалықтиімділігіне тоқталды.

«Казстандарт отандық өндірушілердіңмүддесін нақты қалай қорғайды? Қандай тетіктерібар? Палатамен бірлесіп бұл жұмысты қалайжүйелеуге болады – біз осыны естігіміз келеді. Стандарттар ең алдымен қазақстандық бизнестіңмүддесін қорғауға бағытталуы тиіс», – деді ол.

Сонымен қатар өңір инвестиция үшін ашықекені, алайда басымдық ұлттық өндірушілергеберілуі қажеттігі айтылды.

Отырыс барысында кәсіпкерлер нормативтіктұрғыдан нақтылауды қажет ететін бірқатармәселелерді көтерді.

Жеңіл өнеркәсіп саласында Өңірлік кеңесмүшесі Андрей Шмарин кейбір өнімдердің «тігінқызметі» ретінде рәсімделіп, стандарттауталаптарын айналып өту фактілеріне назараударды. Бұл адал жұмыс істейтін өндірушілерүшін бәсекелестік теңсіздік туғызатыны атапөтілді.

Құрылыс саласында құрылыс процесі мен құрылыс материалдарын өнім ретінде ажыратумәселесі талқыланды. Толеген Ашимовтіңпікірінше, қолданыстағы реттеу нормаларыжетілдіруді талап етеді, өйткені құрылысшыларформалды түрде қызмет көрсетуші ретіндеқарастырылады. Бұл техникалық бақылау мен мемлекеттік сатып алуларға қатысу тетіктерінеәсер етеді.

Сондай-ақ шетелдік мердігерлердің қатысуыжәне өңірлік нарықта тең бәсекелестікшарттарын қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Жеке блок ретінде жер конкурстарын өткізу, бағалау критерийлерінің ашықтығы және рәсімдерді электрондық форматқа көшірумәселелері талқыланды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс туралы Қарағанды облысыКәсіпкерлер палатасы директорының орынбасарыАзамат Даненбаев баяндады.

Оның мәліметінше, 2025 жылдан беріКәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегіжергілікті кеңес арқылы 16 өтініш қаралған, оның 14-і жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарынқорғауға қатысты. Бес мәселе өңірлік деңгейдешешімін тапқан.

Сонымен қатар ұлттық проблемалықмәселелер тізілімінде шамамен 1 400 кейс тіркелген, оның 835-і шешілген, 300-ге жуығықаралу үстінде. Қарағанды облысынан бұл тізілімге сегіз мәселе енгізілген.

«Біздің міндет – мәселені жай тіркеу емес, оны нақты нәтижеге дейін жеткізу. Бізөтініштердің мәртебесіне жүйелі мониторинг жүргізіп, кәсіпкерлерді тұрақты түрдеақпараттандыруды күшейтіп жатырмыз», – дедіАзамат Даненбаев.

Отырыс қорытындысында стандарттау, техникалық реттеу және ішкі нарықты қорғау мәселелері ведомствоаралық өзара іс-қимылдыжәне бизнестің белсенді қатысуын талап ететініатап өтілді.

«Өңірлік кеңес құрылыс және жер пайдаланусаласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақкәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін өңірлікжәне республикалық деңгейде сүйемелдеужұмысын жалғастырады», – деп түйіндеді Владимир Алескеров.