Сәтсіздіктерден кейінгі серпіліс: $6 млн инвестициямен құрылған корпоративтік ЖИ тарихы
«Бизнес Байлам» подкастының жаңа бөлімінде кәсіпкер Әлібек Полатов корпоративтік ЖИ-агенттер экожүйесін құру жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Ол бірнеше рет сәтсіздікке ұшырап, кей стартаптарының тоқтап қалғанына қарамастан, осы қиындықтардың өзі $6 млн инвестиция тартуға мүмкіндік бергенін айтты.
Кәсіпкер сәтсіз өткен инвестициялық келіссөздер, уақытша жабылған жобалар және тәуекелге бел буып қабылданған шешімдер туралы ашық әңгімеледі. Оның айтуынша, дәл осы тәжірибе банктерге, мемлекеттік мекемелерге және ірі компанияларға арналған shai.pro платформасының қалыптасуына жол ашқан.
Подкастта ЖИ-агенттердің қарапайым чат-боттардан айырмашылығы да түсіндіріледі. Мультиагентті жүйелердің корпоративтік секторда неге маңызды бола бастағаны және олардың бизнес үдерістерін қалай жеңілдететіні сөз болады. Сондай-ақ $6 млн инвестиция тарту жолы мен Қазақстанның корпоративтік жасанды интеллектті дамытудағы мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады.