Еңбек шарттарынан зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қағидатына дейін: Қарағандыда кәсіпкер әйелдер нені талқылады

02.03.2026
Еңбек шарттарынан зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қағидатына дейін: Қарағандыда кәсіпкер әйелдер нені талқылады

Қарағанды облысының кәсіпкерлерпалатасы алаңында Іскер әйелдер кеңесініңкезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде — еңбек шарттарын рәсімдеу, Мемлекеттік еңбек инспекциясының талаптары және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдіктөзімділік қағидатын іске асыру мәселелері.

Баяндамамен Қарағанды облысыбойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясыбасшысының орынбасары Мәди Әлжан сөз сөйледі.

Оның айтуынша, өндірістік жарақаттанудеңгейінің төмендеуіне қарамастан, профилактикалық жұмыс, әсіресе тәуекеліжоғары кәсіпорындарда, басым бағыт болып қала береді.

2025 жылы облыстың 40 кәсіпорныпрофилактикалық бақылауға автоматты түрдеенгізілген. Тексеру қорытындысы бойынша 207 құқықбұзушылық анықталды. Өңірде еңбек қауіпсіздігі бойынша 793 өндірістік кеңес жұмыс істейді, олардың құрамында 1018 техникалықинспектор бар. 64 кәсіпорын «Vision Zero» тұжырымдамасына қатысуда.

«Біз жұмыс берушілермен және бірлестіктермен әрдайым ынтымақтастыққадайынбыз. Түсіндіру жұмыстары еңбек қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп, еңбек саласындағы шиеленісті азайтады», — деді Мәди Ислямұлы.

Кәсіпкер әйелдер тарапынан қойылған негізгісұрақтар еңбек шарттарына қатысты болды.

Қатысушылар азаматтық-құқықтық сипаттағышарт (ГПХ) қашан қолданылатынын, қызметкөрсету саласындағы оқытушылар мен шеберлерді қалай рәсімдеу керектігін, сақтандырудың міндеттілігі мен еңбек шартынэлектрондық жүйеге енгізбегені үшін қандайжауапкершілік қарастырылатынын сұрады.

«Егер қызметкерге жұмыс кестесі белгіленіп, ішкі тәртіпке бағыну және тұрақты функцияларды орындау міндеттелсе — бұл еңбек қатынастары болып есептеледі. Мұндай жағдайдаміндетті түрде еңбек шарты жасалуы тиіс. Оны электрондық жүйеге енгізбеу әкімшілікжауапкершілікке әкеледі», — деп атап өтті Мәди Әлжан.

Сондай-ақ ол меншік нысанына қарамастан, барлық қызметкерлер міндетті сақтандыруғажататынын айтты.

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы АлмагүлАбаева еңбек қатынастары мәселесі шағынбизнес тарапынан жиі көтерілетінін атап өтті.

«Кәсіпкер әйелдердің барлығында бірдейштаттық заңгер жоқ. Қателіктер көбінепрактикалық түсіндірудің жетіспеуінентуындайды. Бізге қолданбалы форматтағы жұмыс қажет», — деді Алмагүл Мағжанқызы.

Палатаның шағын кәсіпкерлікті дамытубөлімінің басшысы Меруерт Қасымова кездесуқорытындысы бойынша жеке практикалықсеминар өткізу туралы шешім қабылданғанынхабарлады.

«Сұраныс жоғары. Біз типтік жағдайлар мен шарттарды егжей-тегжейлі талдау форматындажұмысты жалғастырамыз», — деді Меруерт Қасымова.

Отырыстың екінші бөлігінде мәжбүрлі некегетұруға итермелеу, сталкинг және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікқағидатын іске асыру мәселесі қаралды.

Қатысушылар заңнаманың қатаңдатылуымаңызды қадам екенін атап өтті. Дегенмен негізгімән профилактикаға, ведомствоаралық өзара іс-қимылға және халықтың құқықтық сауаттылығынарттыруға берілуі тиіс.

Отырыс қорытындысы бойынша Іскерәйелдер кеңесі еңбек заңнамасын түсіндіружөніндегі семинарды қайта өткізу және әйелдердің құқықтарын қорғауға, қауіпсізіскерлік орта қалыптастыруға бағытталғанбастамаларды қолдау туралы шешім қабылдады.