Құрметті кәсіпкерлер!
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сіздерді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (МКК) бірлесіп ұйымдастырылатын семинар-кеңеске қатысуға шақырады. Шара микро және шағын бизнес субъектілеріне арналған «Таза парақ» салық амнистиясы бағдарламасын іске асыруға арналады. Кездесуге ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бейінді сарапшылары қатысады.
2026 жылы іске қосылған «Таза парақ» бағдарламасы микро және шағын бизнесті қолдауға бағытталған. Кеңес қатысушылары салық заңнамасының практикалық мәселелерін талқылайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, салық есептілігі бойынша күрделі кейстерді талдайды.
Салық заңнамасын реформалау жағдайында «Таза парақ» бағдарламасы адал бизнеске түсетін қаржылық жүктемені азайтудың маңызды құралы болып табылады және компанияларға қаржы жылын ескі қарыздарсыз бастауға мүмкіндік береді.
Осы семинарға қатысты сұрақтарды 2026 жылғы 4 наурыз сағат 18:00-ге дейін +7 701 989 0191 WhatsApp нөміріне (Рустам) жолдауға болады.
Zoom конференциясына сілтеме: https://zoom.us/j/92098739383?pwd=pki9aH0b06QmXemJedu6oqbxknTtDn.1
Конференция идентификаторы: 920 9873 9383 Қолжетімділік коды: 642850