«Атамекенде» қос Комитеттің бірлескен отырысы өтті: Агроөнеркәсіптік кешен саласы басты назарда

04.03.2026
«Атамекенде» қос Комитеттің бірлескен отырысы өтті: Агроөнеркәсіптік кешен  саласы басты назарда

Астанада «Атамекен» ҰКП Төралқасының Агроөнеркәсіптік кешен және Тамақ өнеркәсібі Комитеттерінің бірлескен отырысы өтті. Комитеттерің бірлесен отырысына Ұлттық палатаның Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев арнайы қатысты.

Палата Төрағасы ауыл шаруашылығының аталмыш екі бағыты ел экономикасының дамуында ерекше орынға ие екенін айтты.

Изображение

«Агроөнеркәсіп кешен және тамақ өнеркәсібі экономиканың стратегиялық маңызды салалары болып табылады. Оларға Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінеді. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы сіздердің бағыттарыңыздың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты.

Мен бизнесті толғандырып отырған агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі мәселелеріне аса назар аударамын. Ауыл шаруашылығында белсенді фермерлер бар.Нақты шаруалардың артында мыңдаған адам жұмыс жасайды, елімізді азық түлікпен қамтамасыз етеді. Осындай фермерлермен бірлесе жұмыс істеп, ұсыныстарын Үкімет пен Мәжіліске жеткізуге әрқашан дайынбыз», - деді Қанат Шарлапаев.

Изображение

Қазақстан Республикасы Парлементі Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев «Ауыл шаруашылығы экономиканың драйверіне айналу мүмкіншілігі бар. Қаражаттың уақытылы шаруаға жетіуінің маңызы зор. Талаптарды да өзгертуге болады: құжаттаматың тізілімін оңтайландыру қажет. Мал азығын дайындауға да көп көңіл бөлу қажет» - деп атап өтті.

 Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар:

- Мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспары;

- Ішкі нарықты қорғау мәселелері.  

Биылғы жылдың қаңтар айында өндірісті ұлғайтуға, саланың өнімділігін арттыруға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Бұл жоспар өндірістік базаны жаңғыртуды, асыл тұқымды базаны дамытуды, жеңілдетілген кредит беру құралдарын кеңейтуді, сондай-ақ инвестицияларды ынталандыру және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларды көздейді.

Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 39%-ын құрайды. Осы саладағы жалпы өнім көлемі 3,8 трлн теңгені құрады (2024 жылы – 3,3 трлн теңге).  Жыл сайынғы өсім 2–3% деңгейінде сақталғанымен, ағымдағы динамика саланың нақты мүмкіндіктерін көрсетпейді және сапалы серпіліс жасауға жеткіліксіз.

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин мал шаруашылығындағы бірнеше мәселелерді тізбектеді.

Изображение

«Мал шаруашылығын тиімді дамытудың маңызды факторы ветеринариялық қызметті нығайту болып табылады, бұл еңбекақының лайықты деңгейін белгілеуді және мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасауды талап етеді. Бір ветеринариялық дәрігерге түсетін нормативтік жүктеме 750 шартты мал басына белгіленген норма кезінде 1 750 шартты мал басын құрайды. Келесі маңызды бағыт импортталатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау және экспорттық әлеуетті кеңейту болып табылады. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл күшейтіледі. Ветеринарлық зертханалардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы Үкімет резерві есебінен  3,8 млрд теңгеге 9 жоғары тиімді сұйықтық хроматографтары сатып алынды. Қосымша Үкімет резерві есебінен мемлекеттік ветеринарлық зертханаларды 5,5 млрд теңгеге  54 бірлік жабдықтармен жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді вице-министр.

«Атамекен» ҰКП Төралқасы Агроөнеркәсіптік кешен Комитетінің төрағасы Ержан Нұрбаев жұмыстарды жұмылдыру бойынша өз ойымен бөлісті.

Изображение

«Ең алдымен, біз саланы дамыту бойынша жүйелі және тұрақты тәсілді қалыптастыруымыз керек. Бұл биологиялық қауіпсіздік пен экспорттық әлеуетті қамтамасыз етуге, бәсекеге қабілетті ашық нарықты қалыптастыруға, түсінікті ойын ережелерін құруға, сондай-ақ, мемлекет пен бизнестің адал және сындарлы өзара іс-қимылын құруға қабілетті күшті әрі тиімді ветеринариялық жүйені құруымыз тиіс. Осы бағыттарды кешенді іске асыру кезінде ғана саланың сапалы өсуін және қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге болады», - деді Ержан Нұрбаев.

Қазақстанның ет одағының төрағасы Мақсұт Бақтыбаев мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарына талдау жасап өз ұсыныстарын білдірді.

Отырыста ішкі нарықты қорғау және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы да сөз қозғалды.

Изображение

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Тамақ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Ерік Балапанов бүгінде ішкі нарықты қорғау саланың ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

«Отандық кәсіпорындар модернизацияланып, жаңа қуаттарға инвестиция салып, заңнама талаптары бойынша жұмыс істеуде. Бірақ бұл ретте отандық нарыққа төмендетілген бағамен сатылатын «сұр» схемалар бойынша әкелінген өнім келуін жалғастыруда. Бұл адал бизнесті тең емес жағдайға қояды», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, бұл проблема жүйелі сипатта және ерекше назар аударуды талап етеді.

Изображение

Қант саласы қауымдастығының жетекшісі Айжан Наурзғалиева қант өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыруға және қабылданып жатқан мемлекеттік қолдау шараларына қарамастан, «сұр» қант импорты аталған жұмыстардың тиімділігін төмендететінін мәлімдеді.

«Қанттың негізгі ағыны Ресейден келеді. Кедендік шекаралардың болмауы және құндағы айырмашылық елеулі теңгерімсіздік тудырады. Ресейде 66 қант зауыты жұмыс істейді, бізде небәрі төртеу. Біздің кәсіпорындар үнемі импорт қысымында тұр», - деді ол.

Қазақстанның Картоп және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы Байжан Уалханов та «сұр» импорт пен импорттық жеткізілімдерді есепке алу проблемаларының бар екенін растады.

«Бүгінде Қазақстанда ресми әкелінген немесе отандық тұқымдар 45 рубльден немесе 270 теңгеден сатылады, ал «сұр» схема бойынша әкелінген тұқымдар 25 рубльден немесе 145 теңгеден сатылады. Айырмашылық екі есеге жуық. Мұндай жағдайда әділ бәсекелестік туралы айту қиын», - деді ол.

ИзображениеИзображение

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар өнімнің импорты мен айналымына бақылауды күшейту қажеттігін, сондай-ақ ішкі нарықты қорғау және адал ниетті қазақстандық өндірушілерді қолдау жөнінде нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

ИзображениеИзображение

Сондай-ақ, сапаны бақылау және өнімді әкелу заңдылығы бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін отырысқа қатысушылар мемлекеттік органдар арасындағы ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті.

Жиын қорытындысымен бизнес пен мемлекеттік атқарушы органдар жоғарыдағы проблемаларды шешу бойынша бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Ал, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықтың үнін Үкіметке тікелей жеткізу бойынша өз жұмысын одан әрі жалғастыра бермек.