№34 түзеу мекемесіндегі кәсіпкерлер электр энергиясына келісімшарт жасай алмай отыр
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасындаПалата директорының орынбасары Ерлан Қалиевтің модераторлығымен №34 түзеумекемесінің аумағында қызметін жүзеге асырыпжатқан кәсіпкерлерді электр энергиясыменқамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Жиынға кәсіпкер Наталья Скуридинаныңөтініші негіз болды. Оның айтуынша, жалға алушарты 2025 жылдың қараша айында жасалған, өндірістік қызмет басталған. Алайда электрэнергиясын жеткізуші компаниямен тікелей шартжасасу мүмкін болмай отыр. Себебі жеткізушітарап төлем бойынша қосымша кепілдіктер талапетуде.
Энергиямен жабдықтаушы компания өкілдерінің түсіндіруінше, бұл талап 2025 жылыжалға алушылардың бірінің электр энергиясыүшін берешек қалдырып, қызметін тоқтатуынабайланысты қойылған.
«Біз қызметімізді заң аясында жүргізіпотырмыз, жалдау ақысын уақытылы төлейміз, коммуналдық қызметтер үшін де төлеугедайынбыз. Тек есеп айырысулар заңды негіздерәсімделуі қажет. Бұл — кейін салық органдарытарапынан сұрақ туындамауы үшін маңызды», — деді кәсіпкер.
№34 түзеу мекемесінің өкілдері мемлекеттікұйым ретінде жеке кәсіпкерлердің міндеттемелерібойынша кепілгер бола алмайтынын мәлімдеді.
«Мекемелер аумағында кәсіпкерлікті дамытумаңызды. Алайда қаржылық тәртіп пенқолданыстағы заң талаптары сақталуы тиіс. Барлық тараптың мүддесін ескеретін құқықтықтетікті бірлесіп әзірлеу қажет», — деп атап өтті Ерлан Қалиев.
Талқылау барысында бірнеше нұсқа қаралды: қосымша кепілдіктер негізінде тікелей шартжасасу; тұтынылған электр энергиясы үшінмекеме арқылы шығындарды өтеу тетігі; жеткізуші, мекеме және кәсіпкер арасындаүшжақты келісім жасау мүмкіндігі.
Прокуратура өкілдері ұсынылған тетіктердіңзаңдылығын зерделеуге дайын екендерін білдіріп, құқықтық қорытынды әзірлеу қажеттігін атапөтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптармәселені қосымша пысықтап, нақты шешімқабылдау үшін қайта жиналуға уағдаласты.