Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында тағылымдамадан өтті

10.03.2026
 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында тағылымдамадан өтті

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында тағылымдамадан өтті. Тағылымдама 2026 жылғы 2-6 наурыз аралығында өтті.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заманауи тетіктері бойынша білімді тереңдету, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдағы құқық қолдану тәжірибесімен танысу.

Тағылымдама аясында Академия қызметкерлері Кәсіпкерлер палатасының қызметі, бизнес құқықтарын қорғау құралдары және кәсіпкерлердің өтініштерін қарау тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар кәсіпкерлік ортада туындайтын жүйелі мәселелерді анықтау және оларды шешу тетіктеріне ерекше назар аударылды.

Изображение

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы Академияның білім беру процесінде пайдаланылатын ашық деректерді жинауға арналған алаң ұсынды.

Изображение

Ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Академия қызметкерлері Кәсіпкерлер палатасына философия докторы (PhD), әділет кеңесшісі Асқар Рахметолловтың «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының қызметі: мәселелері мен перспективалары» атты монографиясын сыйға тартты.

Мұндай тағылымдамалар ғылым мен тәжірибенің байланысын нығайтып, елімізде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге ықпал етеді.