Мәдиация бизнесті қорғау құралы ретінде: Кәсіпкерлер палатасында жер дауы қаралды
Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнес субъектілері арасындағы жер дауын реттеу үшін медиация механизмі сәтті қолданылған маңызды отырыс өтті. Бұл Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотпен (МАӘС) жасалған ынтымақтастық туралы қолданыстағы меморандумның арқасында мүмкін болды.
Кездесу барысында тараптар ұзаққа созылатын сот процестерінің орнына диалог жолын таңдап, сындарлы келісімге келді. Кәсіпкерлер палатасының тәуелсіз алаң ретінде қатысуы екі тараптың да мүддесін ескеретін және дауласушылардың іскерлік беделін сақтайтын шешім табуға мүмкіндік берді.
Сот төрағасы Ибрагим Дезиев мұндай тәжірибенің нәтижелерін жоғары бағалап, Кәсіпкерлер палатасы дауларды сотқа дейін реттеу процесінің белсенді әрі тиімді қатысушысына айналғанын атап өтті.
Мұндай тәжірибе әкімшілік сот ісін жүргізуде өзінің тиімділігін дәлелдеп отыр. Кәсіпкерлер палатасы жай ғана делдал емес, медиация идеяларының белсенді насихаттаушысы ретінде бизнеске құқықтық тәуекелдер мен сот шығындарын азайтуға көмектеседі, — деп атап өтті Ибрагим Дезиев.
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Арман Шәменовтің айтуынша, құқықтың ең күрделі сегменттерінің бірі — жер мәселелерінде медиация ең тиімді механизм болып табылады.
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Давлетпаев сөзінше, сот пен Кәсіпкерлер палатасы арасындағы меморандум аясындағы жұмыс өңірде қолайлы бизнес-климат қалыптастыруға бағытталған. Әкімшілік дауларда медиация институтын дамыту кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың пәрменді құралына айналуда.