Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен ROTOBO Жапония-Қазақстан Бірлескен экономикалық комитетінің отырысына дайындықты талқылады
Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы өкілдері мен Жапондық ROTOBO қауымдастығының делегациясы кездесті.
Қазақстан тарапынан кездесуге қатысқандар: Мұрат Қарымсаков – Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы, Сабр Есімбеков – Қазақстан–Жапония сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитеттің тең төрағасы, Диана Жақұтова – Қазақстанның ССП халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры. Жапондық тарапты Такафуми Накаи – ROTOBO Экономикалық зерттеулер институтының бас директоры, сонымен қатар Мики Вадзима – институттың вице-бас директоры және зерттеу бөлімінің директоры онлайн форматта таныстырды.
Кездесудің негізгі тақырыбы – Жапония-Қазақстан Бірлескен мемлекеттік-жекеменшік экономикалық комитетінің алдағы отырысына дайындық аясында пікір алмасу болды. Тараптар алдағы іс-шараның негізгі ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелері бойынша кеңесті.

Кездесуді ашқан Мұрат Қарымсақов екіжақты диалогтың маңыздылығын атап өтті:
«Жапон серіктестермен кездесулер мен диалог мүмкіндігін жоғары бағалаймыз және ROTOBO өкілдеріне Қазақстан-Жапония іскерлік ынтымақтастығын дамытуға көрсеткен назарына алғыс айтамыз».
Қазақстан тарапынан Үкіметаралық комиссияның отырысын өткізу бастамасына ерекше назар аударылды. Бұл отырысты биыл қазан-қараша айлары аралығында өткізу келісілді. Жиынға қатысушылар аталмыш отырысты өткізудің ықтимал жоралғылары мен көрсетілген алаңдағы өзара іс-қимыл форматын талқылады.
Жапондық тарап Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты. Такафуми Накаи өзара әрекеттесудің негізгі басым салаларын белгіледі: энергетика және декарбонизация, жаңартылатын энергия көздері, таза энергия технологиялары, маңызды минералдар, логистика және көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ жасанды интеллект, цифрлық индустрия және ғарыштық деректерді қолдану сияқты жаңа бизнес бағыттары.

Өз кезегінде, Сабр Есімбеков Қазақстан мен Жапония нарықтарының мүддесінің, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен азық-түлік саласындағы мүдделердің сәйкес келетінін атап өтті:
«Ұсынылған тақырыптар Қазақстан тарапының күтілімімен үйлеседі. Бүгінде шағын және орта бизнес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, логистика, туризм және білім беру сияқты бағыттарға ерекше назар аударылды».
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Жапония іскерлік ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қызығушылықтарын растады. Күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтіп, конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.