Райымбек Баталов Наурыз мейрамымен құттықтады

20.03.2024
Райымбек Баталов Наурыз мейрамымен құттықтады

Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

«Атамекен» ҰКП командасы және өз атымнан Сіздерді көктемнің шуақты күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

 Наурыз баршамыз үшін сүйікті, сағына күтетін отбасылық мереке. Күн мен түннің теңелеуімен қатар бұл мейраммен халқымыздың салт-дәстүрі сабақтасып жатыр. Бұл күні дүйім жұрттың ақ тілектері мен ізгі ниеті айтылып, дастарханы жайылады. Керемет мезгілде айнала жаңарып қана қоймай, адамдардың көңіл-күйі көтеріліп, қуаныш-шаттық салтанат құрады.

 Наурыз - күн шапағы және көктемнің лебімен қатар бізге құт-береке, ырыс-ынтымақ, бақыт төгетін кез. Табиғаттағы жаңару мен үйлесімділік біздің жүрегімізде үміт, мейірімділік пен сүйіспеншілік оятады.

Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!