Павлодар облысының «Атамекен» палатасы мен салық органдары бизнес өкілдерінің жаңа Салық кодексіне қатысты сұрақтарына жауап бердіі

19.03.2026
Павлодар облысының «Атамекен» палатасы мен салық органдары бизнес өкілдерінің жаңа Салық кодексіне қатысты сұрақтарына жауап бердіі

Сұрақ-жауап форматындағы кәсіпкерлермен кездесу Павлодар облысының «Атамекен» палатасында мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен өтті.

 

Изображение

Облыстың қала және аудан кәсіпкерлері бейнеконференция байланысы арқылы өз сұрақтарын қойып, мемлекеттік кірістер департаменті мен өңірлік кәсіпкерлер палатасынан жан-жақты жауаптар алды. Сұрақтар қосылған құн салығы, өндірістік емес төлемдер, корпоративтік және жеке табыс салығы, компания қызметкерлерін сақтандыру және жаңартылған салық заңнамасындағы басқа да мәселелерге қатысты болды.

«Өңірлік «Атамекен» палатасына мемлекеттік кірістер департаментінің әріптестері жаңа Салық кодексінің нормаларын бизнеске түсіндіру үшін тұрақты түрде келеді. Көптеген, соның ішінде ең өзекті мәселелерді шешу үшін біз осындай түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз», – деп атап өтті Ерқанат Әбенов.

 

Изображение

Өз кезегінде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Төлеген Шаймардановтың айтуынша, департамент жыл бойы бизнеспен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда 2026 жылы Қазақстанда жаңа Салық кодексі қабылданып, оның енгізілуімен кәсіпкерлік субъектілерінде бұрын кездеспеген нормалар бойынша көптеген сұрақтар туындаған.

«Мысалы, арнайы салық режимдерінің өзгеруіне байланысты енгізілген талаптар біз үшін жаңа. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп отырмыз және Кәсіпкерлер палатасының алаңында да, мемлекеттік кірістер департаментінде де кездесулер өткізуге дайынбыз, барлық сұрақтарға жауап беруге тырысамыз», – деді Төлеген Шаймарданов.

 

Изображение

Ол 1 сәуірде жеке тұлғалар үшін көлік салығын төлеу мерзімі басталатынын еске салды. Қазірдің өзінде көлік иелері 2025 жыл үшін төлеуі тиіс сомалар жарияланып жатыр. Сондай-ақ жылдық декларацияларды тапсыру мерзімі де жақындап келеді.

Кәсіпкерлер өз сұрақтарын кез келген уақытта Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына әлеуметтік желілер немесе телефон арқылы, сондай-ақ өңірлік мемлекеттік кірістер департаментіне жолдай алады, деді Ерқанат Әбенов. Төлеген Шаймардановтың айтуынша, облыстың барлық қала және аудан мемлекеттік кірістер басқармаларында «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда: кәсіпкерлер басқармаларға келіп, өз сұрақтарын қоя алады.

 

Изображение