Бизнес мәселелері – бақылауда: Алматыда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілінің кеңесшісімен кездесу өтті

19.03.2026
Бизнес мәселелері – бақылауда: Алматыда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілінің кеңесшісімен кездесу өтті

Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілінің кеңесшісі Йылмаз Сафараульдің сапарымен барған алғашқы өңір болды. Сапардың мақсаты – бизнестегі жүйелі мәселелерді анықтау.

Кәсіпкерлер қауымдастығымен кездесу «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.

Өңірлік палата атынан кездесуге құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Мейрамбек Қаныбеков қатысты.

Өз сөзінде ол Кеңесшінің сапарына алғыс білдіріп, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, тиімді жұмыс істеуі тиіс дербес алаң екенін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен жүйелі диалог құрудың маңыздылығын атап өтті.

Отырыс барысында бизнес қызметіне әсер ететін өзекті мәселелер көтеріліп, нақты түсіндірмелер берілді.

Атап айтқанда, «Каз Eco Solution» компаниясының басшысына қатысты іс ерекше назарға алынды. Бұл мәселені адвокат Жанна Уразбахова көтерді.

Кеңесшінің айтуынша, аталған жағдай бақылауда және қазіргі уақытта Бас прокурормен кездесу күтілуде. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы нақты қадамдар айқындалады.

Сонымен қатар қатысушылар медициналық қызметті лицензиялаудың жаңа тәртібін енгізу мәселелерін және кәсіпкерлер кездесіп отырған өзге де жүйелі проблемаларды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді өзара іс-қимыл тұрақты дамудың негізгі шарты екені атап өтілді.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы диалог алаңы әрі байланыстырушы буын ретіндегі өз рөлін жалғастыруда.