«Сайрам ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Таза аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

20.03.2026
«Сайрам ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Таза аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қоғамдық талқылау мақсатында Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің «Сайрам ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Таза аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрі – Кәсіпорын) құру жөніндегі ұсынысы орналастырылады.

Кәсіпорынды құрудың негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 «2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді жүргізу тәртібін бекіту туралы» бұйрығы болып табылады.

Кәсіпорынның құрылтайшысы – Сайрам ауданы әкімдігі атынан жергілікті атқарушы орган.

Кәсіпорынды құрудың мақсаты – жекеменшік нысандағы көппәтерлі тұрғын үй қорын сақтау және тиісті түрде күтіп-ұстауды қамтамасыз ету.

         Кәсіпорын қызметінің түрлері:

  1. су жинау, өңдеу және тарату;

  1. қауіпті емес қалдықтарды жинау;

  1. аумақтарды абаттандыру қызметтері;

  1. көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастыру;

  1. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің тізбесін, мерзімдерін және кезектілігін айқындау;

  2. күрделі жөндеуге арналған шығындар сметасын келісу;

  3. күрделі жөндеу жұмыстарының орындалуын қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

  4. осы Заңның және кондоминиум объектісін басқару және ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларының бұзылуын жою туралы міндетті нұсқамалар (ұсынулар) шығару, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;

  5. пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің өтініштері бойынша басқару және күтіп-ұстау туралы есептердің болуын тексеру;

  6. уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау (бір жылға дейінгі мерзімге);

  7. тұрғын үй қорын түгендеуді дербес немесе ұйымдарды тарта отырып жүргізуді қамтамасыз ету;

  1. қолданыстағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу және ақпаратты электрондық форматта жинау, өңдеу және сақтау қағидаларына сәйкес деректерді енгізу;

  2. меншік иелерінің басқару нысанын таңдау рәсімдерінің сақталуын бақылау, ағымдағы және жинақ шоттарын ашу;

  3. ортақ мүлікті пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау;

  4. көппәтерлі үйлерде жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу құралдарының болуын тексеру;

  5. ортақ мүліктің және инженерлік жабдықтардың техникалық жағдайын тексеру;

  6. маусымдық пайдалануға дайындық жұмыстарын жүргізу;

  7. анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шараларды орындау;

  8. күрделі жөндеу жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін конкурс өткізу;

  9. күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру;

  10. мүлік иелері бірлестіктерінің және жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;

  11. көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу;

  12. гормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу, сондай-ақ консультациялық көмек көрсету;

  13. кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну және техникалық паспорттарды дайындауды қамтамасыз ету;

  14. сыртқы қабырғалар мен шатырларды реконструкциялау, жөндеу бойынша сметалық есептерді ұйымдастыру;

  15. бюджеттік өтінімдер дайындау;

  16. үйлердің сыртқы келбетін біріздендіруге бағытталған жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  17. күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер ұйымдар арқылы жүргізу;

  18. күрделі жөндеуге жұмсалған қаражатты қайтару сомаларын есептеу;

  19. күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімдерін бақылау;

  20. үшжақты шарттар жасасу;

  21. коммуналдық тұрғын үйді ағымдағы және күрделі жөндеу;

  22. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлері.

 

 

Ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда оларды келесі электрондық мекенжайға жолдауларыңызды сұраймыз: a.alkhuat@atameken.kz.