Түркістанда тіл заңнамасы аясындағы өзекті мәселелер көтерілді

27.03.2026
Түркістанда тіл заңнамасы аясындағы өзекті мәселелер көтерілді

Бүгін, Түркістан облысының мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпаратқа қойылатын талаптар» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың тілдік сауаттылығын арттыру және заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.

Жиынға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіпкерлер палатасының мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен тілдерді оқыту орталықтарының мамандары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Каримбаев пен салалық даму және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Гүлназ Есетова да семинар жұмысына белсене қатысты.

Изображение

Іс-шара барысында бірқатар маңызды тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда, тіл заңнамасын іске асырудағы өзекті мәселелер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 75-бабын қолдану, сыртқы жарнамаларды орналастыру тәртібі, заңды тұлғалардың атауын тіркеу процесі, сондай-ақ кәсіпкерлер қолданатын кассалық аппараттардың тілдік талаптары жан-жақты талқыланды.

Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Сұрақ-жауап сессиясында көрнекі ақпараттарды рәсімдеуге қатысты нақты мәселелер қарастырылып, әдістемелік ұсыныстар берілді.

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображение