Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы қаланың көктемгі тазалық жұмыстарына белсене қатысты
Палата ұжымы қаланы абаттандыруға бағытталған жалпы қалалық акцияны қолдап, сенбілікке шықты.
Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде қызметкерлер аумақты тазалап, қоқыс жинады, көшелерді сыпырып, қарамағындағы аумақты қураған шөптер мен бұталардан тазартты.
Қызметкерлердің айтуынша, мұндай іс-шараларға қатысу қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосудың бір жолы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, қоршаған ортаға деген жанашырлықты көрсетеді.













