Үкіметте жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің 10-шы отырысында «Атамекен» ҰКП бірқатар мәселені көтерді

31.03.2026
 Үкіметте жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің 10-шы отырысында «Атамекен» ҰКП бірқатар мәселені көтерді

Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі — есеп айырысуға тікелей қатыспайтын, бірақ салық агенті ретінде әрекет етуі тиіс интернет-платформалардың жұмысы болды. Бұл мәселені «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Aparu» платформасының өкілдері көтерді.

 

Изображение

 

  1. Қазіргі уақытта барлық интернет-платформа операторлары салық агенті деп танылады және орындаушылар үшін салықтар мен міндетті әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті.

  2. Дегенмен, нарықта тапсырыс берушіден ақша тікелей орындаушыға түсетін модель бар. Тиісінше, бұл модель интернет-платформа операторына салық агенті рөлін атқаруға мүмкіндік бермейді, өйткені есеп айырысу осы компанияны айналып өтіп, тапсырыс беруші мен орындаушы арасында тікелей жүзеге асырылады.

  3. Салық кодексіне: егер тапсырыс берушінің көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін орындаушыға төлемі интернет-платформа арқылы жүргізілмесе, онда интернет-платформа операторы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қатысты салық агенті болып табылмайды деген толықтыру енгізу ұсынылды.

  4. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов атап өткендей, мемлекет банктердің, агрегаторлардың және маркетплейстердің қатысуымен салықтық әкімшілендірудің цифрлық жүйесін құрып жатыр. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың салықты өз бетінше төлеуіне қайта оралуы төлемдердің ашықтығын төмендетуі мүмкін. Осыған байланысты, мәселені қосымша пысықтап, келісілген шешімді қайта қарауға шығару туралы шешім қабылданды.

  5.  

Изображение

 

Сондай-ақ, ҰКП жеке қосалқы шаруашылықтардың (ЖҚШ) жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша жеңілдікті қолдану мәселесін көтерді. Салық кодексінде бұл жеңілдікті қолдануды растайтын құжаттардың бірі ҚР заңнамасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама болып табылатыны көзделген.

Сонымен қатар, бұл талап 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексінен бұрын алынып тасталған болатын, өйткені Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 30 бұйрығымен ЖҚШ бар екендігі туралы анықтама нысаны жойылған. Осыған байланысты, қазіргі уақытта аталған анықтаманы ұсыну мүмкін емес.

Жобалық кеңсенің 10-шы отырысында талқыланған соңғы мәселе — ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін КТС (корпоративтік табыс салығы) мөлшерлемесін төмендету болды. Ауыл шаруашылығы кооперативтері техниканы бірлесіп пайдалану, өнімді қайта өңдеу, сақтау және өткізу үшін фермерлік және шаруа қожалықтарын біріктіреді. Олардың құрамына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар кіреді. Кореративтің негізгі мақсаты — ресурстарды біріктіру есебінен шығындарды азайту және ұсақ өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 

Изображение

 

Сонымен қатар, Салық кодексінің ережелеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін КТС мөлшерлемесі 6% деңгейінде белгіленген, ал жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары тиімді салық жүктемесі төменірек жеңілдікті салық салу режимдерін қолдана алады.

Олардың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, жалпы аграрлық сектор бойынша салық саясатын қосымша пысықтау және бұл мәселелерге басқа отырыстарда қайта оралу туралы шешім қабылданды.