Астана бизнесті дамытудың қарқынын белгілеуде. Инвестициялардан жаңа мүмкіндіктерге

02.04.2026
Астана бизнесті дамытудың қарқынын белгілеуде. Инвестициялардан жаңа мүмкіндіктерге

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев елордада бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық ахуал және бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктерді талқылады.

Бүгінде Астана – экономикалық өсім мен инвестициялар орталығы

Астана – еліміздің саяси және іскерлік орталығы ғана емес, сонымен қатар Қазақстан экономикасының негізгі драйверлерінің бірі. Қала аумағы – 722 шаршы шақырым, халқы 1,6 млн-нан асады. Мұнда 268 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері бар, олар елорда жалпы ішкі өнімінің 74,4%-ын қалыптастырады.

2025 жылдың 9 айында Астананың жалпы өңірлік өнімі 25%-ға өсті, негізгі капиталға салынған инвестициялар 31,3%-ға, өнеркәсіп өндірісі 36,3%-ға, құрылыс көлемі 37,2%-ға артты. Ауыл шаруашылығы шамамен екі есе өсті. Жаңа индустриялық парктер мен логистикалық орталықтардың іске қосылуы кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер ашуда.

Палата басшысы мемлекет пен бизнестің тікелей байланысын, сондай-ақ жобаларды қолдаудаудың маңыздылығын атап өтті.

 «Астана – адами капитал, технологиялар және инвестициялар тартатын орталық. Біздің ортақ міндетіміз – осы әлеуетті толық ашу», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Изображение

 

Изображение

 

Изображение

 

Әкімдікпен серіктестік. Өсім және жаңа мүмкіндіктер

Сапар аясындағы маңызды кездесулердің бірі – Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен өткен кездесу болды. Онда елорданың экономикалық дамуы, инвестициялық саясат және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері қаралды. Жаңа экономикалық бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылды: цифрлық технологиялар, қаржылық технологиялар, білім беру және қызмет көрсету салалары. Сондай-ақ отандық кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау және ішкі инвестицияларды арттыру мәселелері талқыланды.

 «Астана – мемлекеттік шешімдер қабылданатын орталық. Бизнестің дауысы дер кезінде естіліп, ескерілуі маңызды», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Изображение

 

Изображение

Изображение

Тараптар өзара іс-қимылды күшейту, инвестициялық жобаларды үйлестіру және бизнес пен мемлекет арасындағы байланысты жеңілдететін цифрлық шешімдерді ілгерілету жөнінде келісті.

Өңірлік кеңеспен кәсіпкерлік мәселелерін талқылау

Іскерлік түскі ас аясында «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Астананың Өңірлік кеңес мүшелерімен және кәсіпкерлермен кездесті.

 «Біздің міндетіміз – кәсіпкерлер дамып, инвестиция салып, жаңа жұмыс орындарын ашатын жағдай жасау. Мемлекетпен тікелей диалог орнатып, жобаларды барлық кезеңде нақты қолдау қажет», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Ол бизнес-қоғамдастық өңірлік экономиканың тірегі екенін, ал оның жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қосқан үлесі алғыс пен құрметке лайық екенін атап өтті.

«Бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл жаңа, жүйелі серіктестік форматына өтуде. Бастамалар алдын ала талқыланып, Палата мен кәсіпкерлердің қатысуы міндетті болуы маңызды», – деп қосты ол.

Кездесуде жеке медициналық ұйымдарды дамыту, көлік және логистика, отандық тауар өндірушілерді қорғау және HoReCa саласының мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысында Қанат Шарлапаев «Атамекен» жұмысын заманауи талаптарға сай жаңғырту басталғанын атап өтті.

«Бизнесті қорғау мен мемлекетпен өзара іс-қимыл шынайы экономикалық деректер негізінде құрулыға тиіс», – деді ол.

Астана қаласы прокурорымен кездесу

Изображение

 

Изображение

Жұмыс сапары аясында Қанат Шарлапаев Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқановпен кездесті.

«Инвестор елді тек қолдау шаралары арқылы емес, шешімдердің болжамдылығы, негізсіз тексерулерден қорғалуы және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі арқылы бағалайды. Біз бақылауды күшейту мен инвестиция үшін қолайлы орта құру арасындағы тепе-теңдікті күтеміз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрақты, болжамды және әділетті құқықтық қолдану тәжірибесінің жүйесін бірлесіп құруға дайын », – деді Қанат Шарлапаев.

Прокурорлық сүйемелдеудің нәтижесінде мыңдаған проблемалық жағдайлар шешіліп, 300-ден астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, 269 инвестициялық жоба іске асырылып, 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Изображение

 

Изображение

Бизнеспен диалог – нақты шешімдер

ҰКП басшысы елорданың бизнес-қоғамдастығымен кеңейтілген кездесу өткізді. Жиынды Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алиннің модерациялап, оған Астана Өңірлік кеңесінің төрағасы Александр Подвалов пен кеңес мүшелері қатысты. Кездесу барысында бизнестің дамуына әсер ететін өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының жұмысы, инженерлік желілердің жүктемесін бөлу, нысандарды тіркеуге дейін техникалық паспорттарын дайындау, жер учаскелерінің конфигурациясын өзгертуге келісім беру және жеке балабақшалар үшін жердің мақсатты пайдалануын жеңілдете отырып өзгерту, индустриалды және логистикалық аймақтарға инвестиция тарту, жаңа индустриалды парктер мен аграрлық индустриалды аймақтарды іске қосу, кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алулар мен қаржыландыруға қолжетімділігі, әсіресе шағын және орта бизнес және жергілікті өнімдер мен қызметтердің өндірушілері үшін, сондай-ақ қалалық процестерді цифрландыру мәселелерін талқылады.

Изображение

Изображение

ШОБ және ішкі инвесторларға басымдық

Жоғары көрсеткіштерге қарамастан, басты бағыт – шағын және орта бизнесті әрі қарай дамыту болып қалуда.

«Астана қаласында шағын және орта бизнестің үлесі – 74%. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш», – деп атап өтті Атамекен басшысы.

Қазіргі басымдықтар қатарында шағын бизнесті орта деңгейге жеткізу, мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділікті кеңейту және отандық өндірушілерді қолдау бар.

Жергілікті өнімнен үлкен экономикаға дейін

Изображение

 

Изображение

Сапар барысында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда отандық өндірушілердің азық-түлік өнімдерінен бастап қолөнер туындыларына дейін  ұсынылды. Бұл жоба жергілікті бизнестің әлеуетін және оның өңірлік экономиканың дамуына қосатын үлесін көрсетеді.

Изображение

Жүйелі даму басты назарда

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҰКП Төралқа Төрағасы процестерді цифрландыру және «бір терезе» қағидатына көшу – іскерлік ортаны әрі қарай дамытудың маңызды шарттары екенін атап өтті: Алдағы уақыттағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды: инвестициялық ортаны дамыту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, кәсіпкерлікті қолдау және бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.