ЕЭК Алқа мүшесі Ұлттық палата алаңында ЕАЭО аясында агробизнесті қолдаудың жаңа тетігін таныстырды

03.04.2026
ЕЭК Алқа мүшесі Ұлттық палата алаңында ЕАЭО аясында агробизнесті қолдаудың жаңа тетігін таныстырды

ЕЭК Алқа мүшесі Ұлттық палата алаңында ЕАЭО аясында агробизнесті қолдаудың жаңа тетігін таныстырды

Бүгін «Атамекен» ҰКП алаңында Қазақстанның қаржы ұйымдары мен бизнес өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Алқа мүшесі – Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегянмен кездесуі өтті.

 

Изображение

 

Кездесудің басты тақырыбы — Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен кооперациялық жобаларды қаржылай қолдаудың жаңа ұлттық деңгейден жоғары тетігін іске асыру болды. Жиын барысында АӨК саласындағы бірлескен жобаларды ЕАЭО бюджеті есебінен қаржыландыру мәселелері талқыланды. Несиелер бойынша базалық мөлшерлемені 100% субсидиялауды қарастыратын бірегей тетік аграршыларға жақын арада қолжетімді болады.

Қаржылық қолдау жүйесі бұған дейін өнеркәсіп саласында сынақтан сәтті өткен болатын. «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтің айтуынша, ауыл шаруашылығында жаңа өндірістік тізбектер құру — стратегиялық қауіпсіздік мәселесі.

«Біз бизнеске қолдау тетіктерін ЕЭК өкілдерімен тікелей пысықтауға мүмкіндік беріп отырмыз. Осы арқылы құралдарды отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің нақты сұраныстарына бейімдеп, олардың тиімділігін барынша арттыруға жол ашамыз», — деп атап өтті Жаркенов.

ЕЭК Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Гоар Барсегян жаңа құралдың жұмыс алгоритмін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Осылайша, ЕАЭО бюджетінен ұлттық банктердің базалық мөлшерлемесі 100% өтеледі. Бұл бизнеске несиеге қызмет көрсету шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Жобаға ЕАЭО-ның кемінде үш елінен кәсіпорындар қатысуға тиіс.

 

Изображение

 

Бір жобаға жылына 350 млн ресейлік рубльге дейін қаражат қарастырылған. Қолдау мерзімі — 5 жылға дейін. Қазір қорда шамамен 9 млрд рубль бар, ал 2027 жылға қарай бұл сома 12-13 млрд рубльге дейін өседі. Бағдарлама төрт негізгі бағытты қамтиды: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және агрологистика.

«Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен елімізде іске асырылып жатқан жоба жиынға қатысушылардың ерекше назарын аударды. Сөз «Kazrost Engineering Ltd» (қарыз алушы) базасында астық жинайтын комбайндардың кабиналарын шығару туралы болып отыр.

 

Изображение

 

Жоба аясында жылына 700-ден 1000 данаға дейін кабина шығару көзделген. Бұл іске Қазақстан 15% үлес қосуда. Кооперацияға Ресей («Ростсельмаш» ЖШҚ) және Беларусь Республикасы («КУВО» ЖӨКК, «Салео» ЖШҚ) қатысуда, олардың кабинаның өзіндік құнындағы жиынтық үлесі 5%-дан асады.

АӨК-тегі қолдау қалай жұмыс істейді?

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің тапсырмаларына сәйкес, қазір бұл тәжірибені агроөнеркәсіптік кешенге тарату жұмыстары аяқталуда. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жаңа бағдарлама Қазақстандағы қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын алмастырмайтынын, керісінше, қуатты қосымша қаржыландыру көзі болатынын атап өтті.

 

Изображение

 

«Бизнес Қазақстан бюджеті мен ЕАЭО бюджетінен берілетін төлемдерді қатар ала алады. Бұл Одақ ішіндегі ресурстар мен өткізу нарықтарын бөлу арқылы бірегей қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», — деді вице-министр.