«ҚАЗМҰНАЙГАЗСЕРВИС-2026»: Астанада мұнай-газ саласындағы ірі жобалар мен серіктестік талқыланды

03.04.2026
«ҚАЗМҰНАЙГАЗСЕРВИС-2026»: Астанада мұнай-газ саласындағы ірі жобалар мен серіктестік талқыланды

Бүгін Астанада «KazService» Қазақстан мұнай сервистік компаниялар Одағы ұйымдастыруымен «ҚАЗМҰНАЙГАЗСЕРВИС-2026: Мұнай-газ құрылысы және инжиниринг» атты жыл сайынғы конференциясы өтті.

Аталмыш конференция акционерлер, инвесторлар, сала сарапшылары, бас мердігерлер және мұнай сервистік компаниялар, соның ішінде мұнай-газ, газ және мұнай, химия салаларындағы ірі жобалардың қатысушылары үшін ашық диалогқа арналған негізгі іскерлік алаң болды. Сондай-ақ, тікелей диалог орнатуға, серіктестік байланыстарды дамытуға және стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға қосымша мүмкіндіктер берді.

Салтанатты жиында сөз алған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев «KazService» Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар Одағын 15 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Осы жылдар ішінде Одақ үлкен жолдан өтті. Бүгінде ол 200-ге жуық компанияны біріктіреді және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу нарығының жартысынан астамын құрайды. Бұл команданың кәсібилігі мен бүкіл бизнестің сенімін көрсететін нәтиже», - деді Ұлттық палатаның төрағасы.

Қанат Шарлапаев осы жылдар арасында бірлесе атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталды. Олар:

  • Бизнес өтініштерімен тиімді жұмыс істеу қамтамасыз етілді;

  • Заңнаманы жақсарту бойынша ұсыныстар қалыптастырылды;

  • Геология мен бұрғылауға арналған KazDrilling: Upstream of Kazakhstan қазақстандық конференциясын қоса алғанда, негізгі салалық іс-шаралар өткізілді;

  • Компаниялардың экспорттық әлеуетін қолдау үшін Қазақстан-Италия мұнай-газ форумы және Катар-Қазақстан инвестициялық дөңгелек үстелі сияқты халықаралық форумдар мен бизнес-миссиялар ұйымдастырылды;

  • Ірі операторлармен – ТШО, NCOC, ҚПО, сондай-ақ, QazaqGaz қоса алғанда, ұлттық компаниялармен локализация және сатып алуға қол жеткізу мәселелері бойынша тұрақты диалог құрылды.

Изображение

«Кодекстегі бірлескен күш-жігердің арқасында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» отандық мұнай сервисі секторын қолдау шаралары бекітілді. Мысалы, жаңа инвесторлар сатып алуларының кем дегенде 50%-ы қазақстандық компаниялардан келетініне көз жеткізуі керек. Бұл бизнесті дамытудың, өнеркәсіптік базаны нығайтудың және ел ішіндегі жобаларымыздың құндылығын арттырудың негізгі қадамы», - деп сөзін түйіндеді «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы.

Изображение

Одан бөлек, конференция аясында жалпы құны 17 млрд АҚШ долларынан асатын нақты жобалар мен бағдарламалар талқыланды.

Атап айтар болсақ:

• ТШО, НКОК және ҚПО операторларының сатып алу жобалары;
• газ өңдеу зауыттары мен газ инфрақұрылымы нысандарының құрылысы;
• ірі мұнай-газ-химия жобаларын іске асыру;
• қазақстандық компаниялардың қатысуымен халықаралық және экспортқа бағдарланған жобалар;
• операторлар мен бас мердігерлердің сатып алу саясаты, сондай-ақ отандық компаниялардың жеткізу тізбектеріне қатысуын кеңейту тетіктері.

Ауқымды шараға Үкімет мүшелері, салалық компания басшылары мен Катар, Италия, Түркия, Румыния, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт елдерінен келген өкілдер қатысты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әріптестікті одан әрі нығайту, қазақстандық компаниялардың ірі жобаларға қатысуын кеңейту, өндірістік құзыреттерді дамыту және саланың мүдделерін ілгерілету бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыра бермек.