Кәсіпкерлікті қолдау басты назарда: Келесте «SAFA» өндірісі таныстырылды
Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев жұмыс сапарымен Келес ауданына арнайы келді. Іс-сапар барысында Келес ауданы кәсіпкерлер палатасының директоры Исламбек Юнусов және Түркістан облысы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі салааралық кеңесінің мүшесі Мөлдір Қаржаулова өңір басшысын жергілікті кәсіпорындардың бірі – “Safa” брендімен танымал «Керуен» өндіріс орнымен таныстырды.
Аталған кәсіпорын үйге арналған химиялық тазарту және гигиеналық өнімдер өндірумен айналысады. Бүгінде мұнда 30‑ға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, кәсіпорын 40‑45‑тен астам түрлі өнім шығарып, нарықта өз орнын қалыптастырып үлгерген.
Кездесу барысында өндіріс процесі таныстырылып, кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті кеңейту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев бұл бастаманы өңір кәсіпкерлері үшін маңызды деп бағалады:
«Кәсіпкерлікті қолдау – өңір экономикасының тұрақты дамуының негізі. Біз өңірлік бизнеске қажетті қолдауларды күшейтіп, кәсіпкерлермен тұрақты диалогты қамтамасыз етеміз».
Кездесуге сондай-ақ «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы және облыстық «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев қатысып, кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау білдірді.








