Қарағанды облысының кәсіпорындары ТМД сапа сыйлығының лауреаты және дипломанты атанды
Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЭкономикалық кеңесінің 109-шы отырысыаясында өнімдер мен қызметтердің сапасысаласындағы жетістіктері үшін 2025 жылғы ТМД сыйлығын беру туралы шешім қабылданды. Жеңімпаздар қатарында Қарағанды облысыныңкәсіпорындары бар.
Қарау қорытындысы бойынша «НПО Дефектоскопия» ЖШС-не ТМД сыйлығыныңлауреаты атағы берілді, ал «Бёмер Арматура» ЖШС дипломант атанды.
Аталған кәсіпорындар бұған дейінҚазақстандағы байқаудың бірінші кезеңініңфиналистері қатарынан көрініп, өнімдері мен қызметтерінің жоғары сапасы мен бәсекегеқабілеттілігін дәлелдегенін атап өткен жөн.
«НПО Дефектоскопия» ЖШС мұнай-газ, тау-кен, металлургия және энергетика салаларындадиагностика және бақылау қызметтерін көрсетеді. Ал «Бёмер Арматура» ЖШС – шарлы крандарөндіретін және өңірдегі жетекші өнеркәсіптіккәсіпорындардың бірі.
ТМД сапа сыйлығы – Достастықкеңістігіндегі ең беделді марапаттардың бірі. Ол басқарудың тиімді әдістерін енгізіп, инновациялық технологияларды қолданатынжәне өнім мен қызмет сапасының жоғарыдеңгейін қамтамасыз ететін ұйымдарға беріледі.
2025 жылы байқауға ТМД елдерінен 27 кәсіпорын қатысып, олардың 25-і лауреат және дипломант атанды.
«Қарағанды облысы кәсіпорындарының ТМД деңгейіндегі жетістігі өңір бизнесінің жоғарыәлеуетін, халықаралық аренада бәсекеге қабілеттіекенін және ең жоғары сапа стандарттарына сайжұмыс істейтінін көрсетеді», – деп атап өттіҚарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасыныңдиректоры Ернар Күлпейісов.
Лауреаттар мен дипломанттарды марапаттаурәсімі 2026 жылдың шілде айында ҚырғызРеспубликасында өтетін Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралықкеңестің 69-шы отырысы аясында жоспарланыпотыр.